Тілдік нұсқа
Радио
СЕРІКБАЙ ҚАЖЫ ОРАЗ
1975 жылы  12-сәуірде дүниеге келген.  Білімі: 1990-1992 жылдары Ташкент қаласында қарилар дайындайтын медресені тамамдаған. 1992-1994 жылдары Мысырдағы Аль-Азһар университетінде оқыған.1995-1996 жылдары Исламабадтағы Әлемдік университетінде білім көтерген. Алматы мемлекеттік Абай атындағы университетінде заң факультетін сырттай бітірген. 2012-2014 жылдары М.Дулатов атындағы Қостанай инженерлік-экономикалық ...
ҚЫЗЫЛОРДАДА ТҰҢҒЫШ РЕТ МАЛ СОЮ АЛАҢЫНА ХАЛАЛ СЕРТИФИКАТЫ ТАБЫСТАЛДЫ
22 маусым, 2018 жыл 209 Басып шығару нұсқасы

Қасиетті жұма күні Өкіл имам Болатбек қажы Ұласқанұлы барша жамағаттың алдында «Смағұл» мал сою алаңына ҚМДБ-ның «Халал сертификатын» және мекеме қасапшысына қасапшы куәлігі мен мөрін табыстады.

Жақында ашылған бұл мекеме ҚМДБ жанындағы «Халал Даму» ЖШС мекемесінің арнайы тексерінен өтіп,  1:2016 «Мал бауыздау және ет өңдеу» және 3:2016 «Халал» өнімдерді дайындауға, өңдеуге, сақтауға, тасымалдауға қойылатын жалпы талаптар» стандарттарының шарттарына сай екендігі расталды.

«Смағұл мал сою» алаңы қаламыздағы заманауи үлгіде жабдықталған, Халал стандарты талаптарына жауап беретін бірден бір кәсіпорын.  Халал Даму ЖШС-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігі мекемеде бақылаушы қызметкер тағайындау және тәулік бойына онлайн режимде жұмыс жасап тұрған бақылау камералары арқылы  барлық процессті  бақылауда.

Сонымен қатар, мекеме қызметкерлері толығымен халал стандарты талаптары бойынша арнайы оқу семинарынан өткізілді.

«Алтайбаев» ЖК

«СМАҒҰЛ МАЛ СОЮ» алаңы

Қызылорда қаласы, Ақмаржан шағын ауданы, Жаппасбай батыр көшесі, №135

Сертификат тіркеу №000195

Байл. тел. 87058256565

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    Жоғары