Тілдік нұсқа
Радио
СЕРІКБАЙ ҚАЖЫ ОРАЗ
1975 жылы  12-сәуірде дүниеге келген.  Білімі: 1990-1992 жылдары Ташкент қаласында қарилар дайындайтын медресені тамамдаған. 1992-1994 жылдары Мысырдағы Аль-Азһар университетінде оқыған.1995-1996 жылдары Исламабадтағы Әлемдік университетінде білім көтерген. Алматы мемлекеттік Абай атындағы университетінде заң факультетін сырттай бітірген. 2012-2014 жылдары М.Дулатов атындағы Қостанай инженерлік-экономикалық ...
Түркістан қаласында шағын қалааралық футболдан жарыс өтті
23 маусым, 2018 жыл 221 Басып шығару нұсқасы

Рухани орда Түркістан қаласында «Ораза айт» мейрамының құрметіне орай «Тұяқбай ата» мешітінің имамы Айдан Бақтияровтың және қалалық жамағаттарының ұйымдастыруымен облыстық, қалааралық кіші футболдан ашық біріншілік болып өтті.

Жарысқа Түркістан, Кентау қалаларының жамағаттарының және Қызылорда облысының Жаңақорған ауданынан, Бірлік, Бесарық ауылдарынан жалпы 24 команда қатысты. Жарыс бір күнге созылды.
Шараның мақсаты жастарға «Ораза айт» мерекесінің қадірін ұғындыру, салауатты өмір салтын насихаттау, жастарды ауызбіршілікке ұйыту, жаман әдеттерден сақтандыру, имандылыққа ұйыту болды. Шара барысында арнайы айттық дастарханы жайылып, көпшілікке ас таратылды.
Шараға Түркістан қаласының орталық «Түркістан-Ахмет Яссауи» мешітінің наиб имамы Сүлеймен Моллатілеуұлы және мешіт имам-молдалары, қызметкерлер, жамағаттар, «Кіші футбол» федерациясының басшылығы, қалалық мәжіліс депутаттары, ауыл ағалары және т.б. азаматтар қатысты.
Шараны қалалық БАҚ өкілдері түсіріп, арнайы хабар таратты. Атап айтар болсақ: қалалық «Тұран-Түркістан» телеарнасы, «Түркістан» газеті тілшілері қатысты. БАҚ өкілдеріне арнайы сұхбат берілді.
Шара соңында жарыс жеңімпаздарын арнайы «Алғыс хаттармен», «Ақшалай» жүлделермен, естелік кубоктарымен, медальдармен және шарада белсенділік көрсеткен ойыншылармен көрермендер арнайы «Алғыс хаттармен» марапатталды.
Шара соңында арнай марапаттауды Түркістан қалалық мәслихат хатшы Ғаппар Сәрсенбаев ағамызбен имамдар және «Руханият-Нұры» қайырымдылық қорының өкілдері қатысып, марапаттады.
Барлық жүлделі орындар Түркістан қаласына бұйырды. Атап айтар болсақ, бірінші орынды «Город» командасы алып, арнайы «Алғыс хаттармен» және естелік медальдармен, кубокпен және жүлде қоры «45 000» теңгені құраған қаржылай берілді. Екінші орынды «Эдем» командасы алып, арнайы «Алғыс хаттармен» және естелік медальдармен, кубокпен және жүлде қоры «25 000» теңгені құраған қаржылай берілді. Үшінші орынды «Иассы» командасы алып, арнайы «Алғыс хаттармен» және естелік медальдармен, кубокпен және жүлде қоры «20 000» теңгені құраған қаржылай берілді. Төртінші орынды «Қуаныш» командасы алып, арнайы «Алғыс хаттармен» және жүлде қоры «10 000» теңгені құраған қаржылай берілді.
Жүлделермен шараға қалалық жамағаттармен бірге «Руханият-Нұры» қайырымдылық қоры ақшалай өз үлесін қосты.

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    Жоғары