Тілдік нұсқа
Радио
СЕРІКБАЙ ҚАЖЫ ОРАЗ
1975 жылы  12-сәуірде дүниеге келген.  Білімі: 1990-1992 жылдары Ташкент қаласында қарилар дайындайтын медресені тамамдаған. 1992-1994 жылдары Мысырдағы Аль-Азһар университетінде оқыған.1995-1996 жылдары Исламабадтағы Әлемдік университетінде білім көтерген. Алматы мемлекеттік Абай атындағы университетінде заң факультетін сырттай бітірген. 2012-2014 жылдары М.Дулатов атындағы Қостанай инженерлік-экономикалық ...
Өкіл имам Шарбақты ауданында
29 маусым, 2018 жыл 275 Басып шығару нұсқасы

ҚМДБ-ның  Павлодар облысының өкіл имамы  Жолдас Қоспақұлы Шарбақты ауданында іс сапармен болып, аудандық діни ахуалымен танысыты. Әуелде Жылыбұлақ ауылының «Жылыбұлақ» мешітінде болып ауыл имамы және ауыл əкімімен кездесіп, мешіт жағдайына қанықты. Келесіде Маралды көлінің жағасындағы ХҮII ғасырда салынған ескі зираттағы (көлдің толқынымен) ашылып, шығып калған мəиіт сүйектерін қайта қолдан келген мүмкіндіктерді пайдаланып басқа жерге жерлеуге ауыл имамы жəне азаматтарға тапсырма берілді. Ол қорым өте ауқымды болғандықтан, келешекте басқадай шара қолдануды ақылдасып шешетінін де айтты.

Сондай-ақ,  Шарбақты ауданы əкімінің орынбасары Ризагуль Алексей қызымен кездесіп, жалпы аудандағы діни ахуал, мешіттер жағдайы, аудан, ауыл имамдарының еңбекақы мəселесі жөнінде де ақылдасты. Аудан имамдары əкімдікпен  тығыз байланыста екендігіне жəне əкімдік те қолдан келген көмегін жасайтындығына көз жеткізіп, ризашылығын білдірді.

Шарбақты ауданы, орталық «Қызыр» мешітінде жамағатпен жəне ауыл имамдарымен кездесіп уағыз насихат айтып, бірлесіп жұмыс атқару, береке бірлікті нығайту, шəкірт дайындау, ауыл аудан имамдарына қажымай жемісті еңбек етуін қажеттігі туралы тапсырмалар берді.

Сонымен қатар Галкино аулының «Қалтай ата» мешітінде ауыл жамағатымен кездесіп, шағын, әрі таза, көрікті мешітің барына разы болып мешітті салған азаматтарға алғысын білдірді. Мешіт имамына қызметін тыңғылықты атқаруды тапсырды.

Арбиген ауылында жаңадан салынып жатқан мешіт жұмысымен танысып, осы ауылдың қарағай өңіріндегі діни ғұлама Ғабдул Уахит хазреттің кесенесіне зиярат етіп, дұға бағыштады.

Соңында  аудан əкімдігі жəне ауыл ақсақалдары өкіл имамның алдағы іс-қызметіне табыс тілеп, оң батасын беріп шығарып салды.

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    Жоғары