Тілдік нұсқа
Радио
СЕРІКБАЙ ҚАЖЫ ОРАЗ
1975 жылы  12-сәуірде дүниеге келген.  Білімі: 1990-1992 жылдары Ташкент қаласында қарилар дайындайтын медресені тамамдаған. 1992-1994 жылдары Мысырдағы Аль-Азһар университетінде оқыған.1995-1996 жылдары Исламабадтағы Әлемдік университетінде білім көтерген. Алматы мемлекеттік Абай атындағы университетінде заң факультетін сырттай бітірген. 2012-2014 жылдары М.Дулатов атындағы Қостанай инженерлік-экономикалық ...
«ТҮРКІСТАН – ТҮРКІ ДҮНИЕСІНІҢ РУХАНИ ОРАЛЫҒЫ»  АТТЫ КОНФЕРЕНЦИЯ ӨТТІ (ФОТО)
03 шілде, 2018 жыл 144 Басып шығару нұсқасы

Бүгін Түркістан қаласында «Түркістан – түркі дүниесінің рухани оралығы» атты конференция өтті. Оған Бас мүфти Серікбай қажы Ораз, Қазақстан Республикасы Қоғамдық даму вице-министрі Берік Сақбайұлы, Бірінші наиб мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы, облыс ардагерлері, зиялы қауым және дін өкілдері қатысты.

Алқалы жиында сөз алған Серікбай қажы Сатыбалдыұлы:

"Тарих – бұл біздің қазыналы қойнауымыз. Халқымыз сол тарих қатпарынан мол тәжірибе жинап, Хақ дін – исламмен қауышты, ұлт болып ұйысты, мемлекет болып қалыптасты. Қазақ халқы ұшса құстың қанаты талатын, шапса тұлпардың тұяғы талатын осыншама ұланғайыр аймақты тарихтың әртүрлі кезеңдерінде бауырына басты. Құдайға мың да бір шүкір, бұл – тарлан тарихтың бізге қалдырған тартуы деп білеміз. Біз, қазақ халқы әзелден фиқһта исламдағы құқықтық әлеуеті зор Ханафи мәзһабын ұстанамыз. Біз сенімде Құран мен сүннетке сай рационалды ойлауға мүмкіндік беретін Матуриди ақида мектебінің өкілдеріміз", - деп атап өтті. 

Мінберде сөз алған Бірінші наиб мүфти, ҚМДБ-ның Түркістан қаласындағы кеңсе басшысы Наурызбай қажы Тағанұлы киелі өлкеде жаңа бастамаларды белсенді түрде атқарып, елдің игілігі мен бірлігі жолында қызмет ететінін баяндады.

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    Жоғары