Қарағанды 13:06 Бесін
  • 05:20 Таң
  • 06:45 Күн
  • 13:06 Бесін
  • 17:19 Екінті
  • 19:16 Шам
  • 20:41 Құптан
  • Астана
  • Атбасар
  • Көкшетау
  • Степногорск
  • Ақтөбе
  • Хромтау
  • Қандыағаш
  • Шалқар
  • Алматы
  • Жаркент
  • Қапшағай
  • Сарыөзек
  • Талдықорған
  • Үшарал
  • Атырау
  • Құлсары
  • Мақат
  • Миялы
  • Аягөз
  • Өскемен
  • Риддер
  • Семей
  • Жаңатас
  • Қаратау
  • Тараз
  • Балқаш
  • Жәйрем
  • Жезқазған
  • Қарағанды
  • Сәтбаев
  • Арқалық
  • Қостанай
  • Рудный
  • Арал
  • Байқоңыр
  • Қазалы
  • Қызылорда
  • Ақтау
  • Бейнеу
  • Форт-Шевченко
  • Жаңаөзен
  • Петропавл
  • Екібастұз
  • Павлодар
  • Жетісай
  • Сарыағаш
  • Шардара
  • Шымкент
  • Түркістан
  • Ақсай
  • Чапаев
  • Жаңақала
  • Жәнібек
  • Орал
  • Сайқын
  • ҚазРус
  • Радио
  • Кіру
СЕРІКБАЙ ҚАЖЫ ОРАЗ
1972 жылы 16 желтоқсанда Алматы қаласында дүниеге келген. 1990 жылы Шығыс Қазақстан облысының Мақаншы ауылындағы Ғани Мұратбаев атындағы орта мектепті тәмамдаған; 1991-1992 жылдары Отан алдындағы әскери борышын өтеп келген соң, сол жылы Мысырдағы әлем мұсылмандарының әйгілі Әл-Азһар Ислам университетінің шариғат ...

Орталық мешіттің шәкірт қыздары арасында қыз сыны сайысы өтті

ҚМДБ 2018 жылды «Отбасы жылы» деп жариялаған болатын. Осыған байланысты облыстық, орталық «Һибатулла Тарази» мешітінің ұстазы, Жамбыл облысы бойынша «Әйелдер-қыздар» секторының жетекшісі Үсенова Зейнеп ұстаздың ұйымдастыруымен жазғы сауат ашу курсында дәріс алып жатқан оқушы  қыздар арасында ауқымды қыз сыны сайысы өтті. Бұл іс-шараның бір ерекшелігі сайысқа тек оқушы қыз бала ғана емес, олардың аналары да қолқанат болып қатысты. Сайыстың негізгі мақсаты қыз бала мен ана арасындағы қатынасты пен байланысты паш ету.

Әділ қазылар құрамына үлкен қажы апалар мен Үсенова Зейнеп ұстаз сайланып, сайысқа жалпы саны 13 қыз бала аналарымен қатысты. Сайыс қасиетті Құран сүресін оқумен басталып, орталық «Һибатулла Тарази» мешітінің наиб имамы Аманбаев Ержан сөз сөйлеп, тілектес екенін жеткізді.

Сайысқа қатысушы қыздардың аналары таныстырылып, жарыс басталып та кетті. Қыз сыны сайысының шарты бойынша қатысушылар сәлемдесіп, өздерін таныстырып өтті. Келесі шарт бойынша аруларымыз өз өнерлерін көрсетіп, қолдан жасалған тың еңбектерін паш етті. Одан кейін кезек сұрақ-жауапқа келіп, қыздарымыз өз отбасыларына қатысты қойылған сұрақтарға жауап берді, артынша аналары қыздарының сұрақтарға қаншалықты дұрыс жауап бергендерін анықтады. Кезек дастархан мәзіріне де жетіп, қыздарымыз аналарымен бірге дайындаған көздің жауын алар түрлі тәттілер мен дәмді салаттарын ұсынып, таныстырып өтті.  Одан кейін қатысушыларға діни сұрақтар қойылып, олар аналарымен бірге сұрақтарға жауап берді. Кейін өз өнерлерін көрсетіп, түрлі мақал-мәтелдер айтылды. Сайыстың ең маңызды шарты ананың қызына өсиеті болды. Мұнда аналар сайысқа түсуші  қыздарына өсетті көрініс ретінде  жеткізіп жатты.

Барлық сайыскерлер де жоғары деңгейде нәтиже көрсетті. Сайыс қорытындысы бойынша 10 жасқа дейінгі үздік деп танылған:

-          Болат Айым І орынды иеленді;

-          Жолшыбек Нұрай ІІ орынды иеленді;

-          Оралбек Айзере ІІІ орынды иеленді.

Сонымен қатар,  10 жастан жоғары  үздік деп танылған:

-          Жұлдызбай Мөлдір І орынды иеленді;

-          Мейрамбек Ақсезім ІІ орынды иеленді;

-          Нұрланқызы Аружан ІІІ орынды иеленді.

Жеңімпаздарға әділ қазылар алқасындағы апа-әжелеріміз сыйлықтар табыс етіп, құттықтады. Қыз сыны сайысы керемет деңгейде өтіп, бәрі көңілді тарасты.

Сонымен қатар, осы жиын соңында 1 ай бойы  жазғы сауат ашу курсында дәріс алып, емтиханды жоғары деңгейде тапсырған 15 шәкірт қызға мақтау қағаздары берілді. Жазғы сауат ашу курсының І-сатысын жалпы саны 80 оқушы қыз бітіріп шықты.

Пікірлер
Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    © 2009-2018, Қарағанды облыстық мешіті Сайт материалдарын қолдану үшін
    © 2016 Разработка и поддержка Creatida Ғаламтор компаниясы
    Яндекс.Метрика