Қарағанды 06:51 Таң
  • 06:51 Таң
  • 08:20 Күн
  • 12:58 Бесін
  • 15:38 Екінті
  • 17:25 Шам
  • 18:54 Құптан
  • Астана
  • Атбасар
  • Көкшетау
  • Степногорск
  • Ақтөбе
  • Хромтау
  • Қандыағаш
  • Шалқар
  • Алматы
  • Жаркент
  • Қапшағай
  • Сарыөзек
  • Талдықорған
  • Үшарал
  • Атырау
  • Құлсары
  • Мақат
  • Миялы
  • Аягөз
  • Өскемен
  • Риддер
  • Семей
  • Жаңатас
  • Қаратау
  • Тараз
  • Балқаш
  • Жәйрем
  • Жезқазған
  • Қарағанды
  • Сәтбаев
  • Арқалық
  • Қостанай
  • Рудный
  • Арал
  • Байқоңыр
  • Қазалы
  • Қызылорда
  • Ақтау
  • Бейнеу
  • Форт-Шевченко
  • Жаңаөзен
  • Петропавл
  • Екібастұз
  • Павлодар
  • Жетісай
  • Сарыағаш
  • Шардара
  • Шымкент
  • Түркістан
  • Ақсай
  • Чапаев
  • Жаңақала
  • Жәнібек
  • Орал
  • Сайқын
  • ҚазРус
  • Радио
  • Кіру
СЕРІКБАЙ ҚАЖЫ ОРАЗ
1972 жылы 16 желтоқсанда Алматы қаласында дүниеге келген. 1990 жылы Шығыс Қазақстан облысының Мақаншы ауылындағы Ғани Мұратбаев атындағы орта мектепті тәмамдаған; 1991-1992 жылдары Отан алдындағы әскери борышын өтеп келген соң, сол жылы Мысырдағы әлем мұсылмандарының әйгілі Әл-Азһар Ислам университетінің шариғат ...

БАС МЕШІТТЕ БАСТАУ АЛҒАН ЖАҢА ӨЗГЕРІСТЕР

Облысымыздың Бас мешіті - «Ақмешіт - Сырдария» орталық мешітінде ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша Өкілі Болатбек қажы Ұласқанұлының тапсырмасымен, біршама өзгерістер орын алып, жаңа бастамаларға жол ашылған еді. Мысалы, мешітіміз жаңа үлгідегі кілемдермен жаңартылып, мешіт ауласында ақпараттандыру бұрыштарының орнатылуы, көгалдандыру жұмыстарының жүргізілуі, әр бейсенбі сайын мешіт жанындағы асханада ауыз бекітуші жамағатқа арналып ауызашар берілуі, әр жексенбі сайын "Евразия" және "Мұз айдыны" спорт кешендерінде ерлер жамағатының спортпен шұғылдануына мүмкіндік жасалуы, күнделікті намаз уақыттары мен аят-хадистер, тағылымы мол ғибратты оқиғаларға негізделген қысқа видеороликтер заманауи құрылғылар арқылы үнемі келушілер назарына ұсынылуы, сонымен бірге, мешіттің таңбасы (логотип) жаңа дизайнмен өзгертілді, жаңа үлгідегі сайт парақшасы ашылып, телефонға арналған қосымшасы дайындалуда және де облыстағы білікті ұстаздарымыз күнделікті үздіксіз дәрістер жүргізуде. Сонымен қатар, халық игілігі үшін мешіт жанынан түрлі орталықтар ашылып, білікті мамандар өз салалары бойынша тегін қызмет көрсетуде.

Атап айтар болсақ, Бас мүфти Серікбай қажы Сатыбалдыұлының төрағалағымен бекітілген биылғы «Ислам және отбасы» жылы аясында, Өкіл имам Болатбек қажы Ұласқанұлының арнайы тапсырмасымен, аймақтық мешіттерде отбасылық мәселелер бойынша «Кеңес беру орталығы» ашылды. Орталықтың негізгі мақсаты - қазіргі қоғамда орын алып жатқан өзекті мәселелердің бірі – ажырасудың алдын алу, жаңадан шаңырақ көтерген жас жұбайларға отбасылық түйткілдерді шешуге көмектесу және жанұя жарасымдылығын сақтау.

Республикалық деңгейдегі қариларды дайындау мақсатында, облыстық «Құран жаттау орталығы» ашылып, екі бірдей қари ұстазымыз аптасына алты күн екі мезгіл тұрақты сабақ беруде. Бүгінде, орталықта Қасиетті Құран Кәрімді толық жаттауға ниеттенген 100-ден аса шәкірт ұстаздарынан Құранды толық, қатесіз, әрі тиімді жаттаудың қыр-сырын үйренуге ден қойған.

Аймақ көлемінде алғаш рет ашылған орталықтың бірі - «Араб тілін оқыту орталығында» Нұр-Мүбарак Египет ислам мәдениеті университетінің түлегі, білікті ұстаз араб тілі грамматикасы бойынша сабақ беруде.

Өңіріміздегі дін саласында орын алған жаңалықтардың бірі – мешіт жанынан облыстық кітапхананың ашылуы. Кітапхана қазақ, араб, түрік тілдерінде жазылған 4000-ға жуық кітап қорымен қамтылған. Келуші оқырмандардың рухани азық алып, керекті мәліметтер алуына зор мүмкіндік жасалған. Болашақта, кітап қорын көбейтіп, жергілікті халыққа қолжетімді болуы үшін ислам әлемінің атақты ғалымдары мен әлемдік деңгейдегі жазушылардың әдебиеттерімен толықтыру жоспарлануда.

Сыр өңірінің Бас имамы Болатбек қажы Ұласқанұлы бастаған аймағымыздағы дін қызметкерлерінің жергілікті жамағаттың білімі мен бірлігін арттыру мақсатында жасап жатқан бастамалары бұнымен тоқтамақ емес. Ел игілігі үшін атқарылуы тиіс біршама жобалар жоспар бойынша жүзеге асырылуда.

Пікірлер
Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    © 2009-2018, Қарағанды облыстық мешіті Сайт материалдарын қолдану үшін
    © 2016 Разработка и поддержка Creatida Ғаламтор компаниясы
    Яндекс.Метрика