Тілдік нұсқа
Радио
СЕРІКБАЙ ҚАЖЫ ОРАЗ
1975 жылы  12-сәуірде дүниеге келген.  Білімі: 1990-1992 жылдары Ташкент қаласында қарилар дайындайтын медресені тамамдаған. 1992-1994 жылдары Мысырдағы Аль-Азһар университетінде оқыған.1995-1996 жылдары Исламабадтағы Әлемдік университетінде білім көтерген. Алматы мемлекеттік Абай атындағы университетінде заң факультетін сырттай бітірген. 2012-2014 жылдары М.Дулатов атындағы Қостанай инженерлік-экономикалық ...
Шәкірттер шалқар көлінде демалды
10 шілде, 2018 жыл 115 Басып шығару нұсқасы

Орал орталық мешітінің ұстазы Ринад Акимовтың ұйымдастыруымен аталмыш мешіттің сауат ашу курсының шәкірттерінің қолдауымен «Білім және спорт»  тақырыбы аясында бір күндік табиғат аясында спорттық шара оздырылды.

Білімді шәкірттер Теректі ауданы, Сарыөмір ауылындағы Шалқар көлінінің жағасында спорттық шараларға белсенді араласты. Табиғат аясындағы спорттық шараға ҚМДБ-ның БҚО бойынша өкіл имамы Еркебұлан Қарақұлов арнайы қатысып, «Бірлік, ынтымақ» жайында уағыз айтып, ауызбіршілік шақырды.

Шәкірттер бас имам Еркебұлан Ыбырайымұлы мен орталық мешітінің ұстазы Ринад Нұрланұлына толғандырған сауалдарын жолдап, ғибратты толы  мәліметтер беріп, жүректеріне жеткізе білді.

Жастар жағы топ болып шағын футбол ойнап, арқан тартысып, күнге қыздырынса, ал балалар суға шомылып, бір күндерін қызықты сәттерге толтыра білді.

Спорттық шара облыс имамы, ұстаздар мен 50 астам шәкірттер қатысты.

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    Жоғары