Тілдік нұсқа
Радио
СЕРІКБАЙ ҚАЖЫ ОРАЗ
1975 жылы  12-сәуірде дүниеге келген.  Білімі: 1990-1992 жылдары Ташкент қаласында қарилар дайындайтын медресені тамамдаған. 1992-1994 жылдары Мысырдағы Аль-Азһар университетінде оқыған.1995-1996 жылдары Исламабадтағы Әлемдік университетінде білім көтерген. Алматы мемлекеттік Абай атындағы университетінде заң факультетін сырттай бітірген. 2012-2014 жылдары М.Дулатов атындағы Қостанай инженерлік-экономикалық ...
Павлодарда қажылық сапарға дайындық басталды
10 шілде, 2018 жыл 150 Басып шығару нұсқасы

ҚМДБ-ның Павлодар облысы бойынша өкілдігі  биылғы жылы қажылық парызын өтеуге ниет еткен жамағатты  қасиетті сапарға дайындау жұмысын бастап кетті.  Аптаның екінші күні қажылық парызын өтеуге ниет етушілер аудан, ауылдардан арнайы келіп облыстық орталық «Мәшһүр Жүсіп» мешітіне жиналды.

Оларды қарсы алған облыс өкіл имамы Жолдас Қоспақұлы әрқайсысымен танысып, құжаттарының түгел болуы, денсаулықтарына байланысты ақыл-кеңестерін айтты. Сонымен қатар қажылыққа бару үшінгі жан-жақты дайындықтарын сөз етті. Қажылық мерзіміндегі ең басты шарт-ниет  екендігін, ол жерлерде кездесетін жақсылықтар мен сауаптар, жол машақаты, ауыртпалықтар барлығы жан-жақты сөз болды.

Сонымен қатар өкіл имам қажылық парызын өтеуге жаңадан ниет етушілермен өз тәжірибесін бөлісіп, қажылық сапардың қыр-сыры, сапар барысында атқарылуы тиіс міндеттер, есте –назарда ұстайтын дүниелер, алдын-ала дайындықтар, оқылатын сүре-дұғалар туралы жан-жақты түсіндіріп, қажылық барысында өтеуі тиіс әрбір тәртіп-жоралғылар туралы кеңінен айтып берді.

Облыстық орталық «Мәшһүр Жүсіп» мешітініде биылғы қажылыққа ниет етушілерге арнап аптасында бір рет жиналып арнайы семинарлар жүргізіліп тұратын болып келісілді. Семинарға  орталық мешіттің білікті имамдары, қалалық қажылар қауымдастығы (төрайымы Рымтай Сапарбекқызы) және бұрындары  қажылық парызын өтеп келген тәжірибелі қажылар әр жыл сайынғы дәстүрі бойынша белсене қатысуда.

Бұл іске  наиб имам Қабаев Қанат,  қалалық «Ақмешіт» мешітінің бас имамы Қайырбеков Нұрлан қажылар және барлық аудан, ауыл мешітінің имамдары, онымен қоса  Ғабиден қажы, Наурызбай қажы, Тұяқ қажы, Сәния қажы  қатарлы көптеген қажы ата-апалар да әр жылдағыдай атсалысып, алдағы қажылық сапарларына сәттілік тілеп ақ дастархан жайып, ақ бата-тілектерін де жеткізуге әзірлік жасауда. Әзіргі мәлімет бойынша Павлодар облысынан қажылық парызын өтеуге 20-дан астам жамағат ниет білдірген.

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    Жоғары