Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының баспасөз хатшысы, журналист Ағабек Қонарбайұлы Батыс Қазақстан облысының журналистеріне «Діни мақала жазудың әдістері мен ақпарат таратудың тәсілдері» деген тақырыпта тренинг өткізді.
Тренингке облыстық, қалалық, аудандық ақпарат құралдарында қызмет ететін 30-дан астам тілшілер қатысты.
Ағабек Қонарбайұлы журналистерге діни салада ақпарат таратудың жауапкершілігі, жалған жаңалықтың зардабы, дін тақырыбын сенсацияға айналдырудың кері әсері, азаматтардың діни сенімін қорлаудың зияны жайлы жан-жақты түсіндіріп өтті.
ҚМДБ қызметкері тренинг барысында бейнеролик пен слайд арқылы тақырыпты жан-жақты аша түсті. Сонымен қатар, мәтінді редакциялау шеберлік сыныбын өткізді.
Трениниг соңында қатысушыларға арнайы сертификат табысталды.
Пікірлер