Тілдік нұсқа
Радио
СЕРІКБАЙ ҚАЖЫ ОРАЗ
1975 жылы  12-сәуірде дүниеге келген.  Білімі: 1990-1992 жылдары Ташкент қаласында қарилар дайындайтын медресені тамамдаған. 1992-1994 жылдары Мысырдағы Аль-Азһар университетінде оқыған.1995-1996 жылдары Исламабадтағы Әлемдік университетінде білім көтерген. Алматы мемлекеттік Абай атындағы университетінде заң факультетін сырттай бітірген. 2012-2014 жылдары М.Дулатов атындағы Қостанай инженерлік-экономикалық ...
СЫР ЖАСТАРЫ ИГІ ІСТЕРДЕ ЖАРЫСТЫ
16 шілде, 2018 жыл 205 Басып шығару нұсқасы

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы, «Насихат және қоғаммен байланыс» бөлімінің Қызылорда облысы бойынша өкілдігіне қарасты «Жастар ісі секторы» біршама игі істерге ұйытқы болды. ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілі, «Ақмешіт Сырдария» орталық мешітінің Бас имамы Болатбек қажы Ұласқанұлының тапсырмасымен өңірдің Жастар ісі секторы төмендегідей үлгілі істер қолға алды.

ҚАРТ АНАҒА ЖАСТАР КӨМЕК КӨРСЕТТІ

ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігіне қарасты Жастар ісі секторының ұйымдастыруымен кезекті сауапты жұмыс жасалды.

Дəлірек айтсақ, Қызылорда қаласының тұрғыны, жалғыз басты Гүлжамал əжейдің шаңырағына жастардан құралған "Шын жүректен" еріктілер тобы барып, жұмыла қол көмектерін берді. 

Аула жұмыстарын жасап, əрлеу, есік-терезелерін жөндеу, бау-бақшаны арам шөптерден тазарту сынды істерге жарыса жəрдем етті. Иманды жастардың ынталы ісіне қуанған қарт əжей ризашылығын білдіріп, ақ батасын берді.

МҰҚТАЖ ОТБАСЫҒА ЖƏРДЕМ ЕТТІ

ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша Жастар ісі секторы жанындағы "Шын жүректен" қайырымды-еріктілер тобы жəне Қызылорда қалалық "Айтбай" мешіті Титов мөлтек ауданының Зуһра есімді тұрғынының мұқтаждық жағдайына жəрдем етті. 

Бұл кісінің осыған дейінгі тұрып жатқан үйлері өртеніп, бүкіл дүниелері отқа оранған болатын. Қазіргі күні пəтер жалдап, күнелтуде. Қандайда көмекке зəру. 

Осыған орай, өтінішін аяқсыз қалдырмаған "Айтбай" мешіті жəне "Шын жүректен" еріктілері қазіргі сəтте аса қажетті газ плита мен азық-түлік, балаларына киім-кешек алып барып қуантты.

КƏУСАРҒА ҚОЛДАУ ЖАСАДЫ

Қызылорда қаласының кішкентай ғана тұрғыны Кəусардың дертіне шипа тілеп, еміне жəрдем көрсетсек деген ниетпен ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігі, Жастар ісі секторының ұйытқы болуымен құрылған "Шын жүректен" қайырымды-еріктілер тобы қайырымдылық акциясын қолға алды. 

Облыстық "Ақмешіт-Сырдария" орталық мешіті жəне Қызылорда қалалық "Айтбай" мешітінің ауласында қайырымдылық акциясы аясында сулар, сондай-ақ, орталық алаң мен қалалық паркте шарлар сатылды.

"Шын жүректен" қайырымдылық тобының атынан арнайы ұйымдастарылған акциялар нәтижесінде жалпы сомасы 100 000 теңге есепшотына аударылып, көмек көрсетілді.

ЖҰМЫСШЫЛАРҒА ДӘМДІ ТАҒАМ ТАРАТТЫ

Қызылорда қалалық мешіттер жамағаттары қасиетті Шəууал айының ішінде сауап істе жарысты. Дəлірек айтқанда, шілденің шіліңгір ыстығында түрлі жұмыста əсіресе құрылыс пен қаладағы көшелер мен көрікті орындарда тазалық жасап жүрген жұмысшыларға арнайы палау əзірлеп, нан жəне айран таратты. 

Сауапты іске өңірдің Жастар ісі секторының үйлестірушісі Қайырбек Отызбаев қатысып, күннің ыстығында елімізге еңбек етіп жүрген кісілерге ризашылығын білдіріп, жұмыстарына табыс тіледі.

Жамағаттар мен имамдардың жасаған сауапты істеріне сүйсінген жұмысшылар шексіз ризашылықтарын жеткізіп жатты. Мұндағы мақсат - күннің ыстығында еңбек етушілерге бір сəт құрмет көрсету болатын. Игі іс аясында 250-ге жуық кісіге дəмді тағам үлестірілді. 

Қарапайым кісілердің көзге көріне бермейтін, бағалана қоймайтын еңбектерін ескеріп-елеген дін қызметкерлері мен жамағаттардың игі істері елді сүйсінтті.

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    Жоғары