Тілдік нұсқа
Радио
СЕРІКБАЙ ҚАЖЫ ОРАЗ
1975 жылы  12-сәуірде дүниеге келген.  Білімі: 1990-1992 жылдары Ташкент қаласында қарилар дайындайтын медресені тамамдаған. 1992-1994 жылдары Мысырдағы Аль-Азһар университетінде оқыған.1995-1996 жылдары Исламабадтағы Әлемдік университетінде білім көтерген. Алматы мемлекеттік Абай атындағы университетінде заң факультетін сырттай бітірген. 2012-2014 жылдары М.Дулатов атындағы Қостанай инженерлік-экономикалық ...
«Астана» медресесі талапкерлерді оқуға қабылдайды
17 шілде, 2018 жыл 344 Басып шығару нұсқасы

«Астана» медресе колледжі 1-20 тамыз аралығында жаңа оқу жылына талапкерлерді қабылдайды. Медресеге 17-ден 25-жасқа дейінгі 11 сынып түлектері мен колледж бітірушілері түсе алады. Исламтану факультетіндегі 3 жылға  созылатын оқу бағдарламасы аясында шәкірттерге техникалық және кәсіптік білім туралы диплом табысталып, «Имам-хатиб» біліктілігі беріледі.

Талапкерлерге керек дерек:

Оқу түрі: іштей, күндізгі;

Оқу ақысы: тегін;

Ер балалар ғана оқиды;

Медреседе қазақ және орыс тобы бар;

2018 жылдың 25 тамызында емтихан:  қазақ тілі, Қазақстан тарихы пәндерінен емтихан және сұхбаттасу (үміткердің Ислам негіздерінен хабарын сынайтын дін төңірегіндегі негізгі сұрақтар қойылады).

Мекен-жайы: Астана қаласы, Есіл ауданы, Қабанбай батыр даңғылы, 36 («Нұр Астана» орталық мешітінің жанында орналасқан)

Байланыс телефондары: 8 (7172) 44 58 44, факс: 44 61 73.

«Астана» медресесіне шолу:

2007 жылы Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың тікелей қолдауымен ашылған медресе биыл 7-ші түлектерін ұшырды. Осы уақытқа дейін «Астана» медресесінде білім алған 256 шәкірттің бірталайы бүгінде білімін жалғастырса, бірқатары қызметке орналасып, мешіт-медреселерде, басқа да мекемелерде жұмыс істеп жүр. Мәселен, медресені тәмамдаған шәкірттердің 46 шәкірт грантқа ілігіп, «Нұр-Мүбарак» Египет Ислам мәдениеті университетінде, 5 шәкірт «Әл-Әзхар» университетінде, 6 шәкірт Түркия Республикасы «Хасеки» медресесінде, 3 шәкірт Халықаралық Қазақ Түрік университетінде білімін ары қарай шыңдады.

Медресенің оқу жоспарын Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы мен ҚР Білім және ғылым министрлігі бекіткен. Медреседе жоғары діни білімді 15 ұстаз бар. Сонымен бірге, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы мен Мысыр елінің «Әл-Әзхар» университетінің серіктестігі негізінде 2 араб оқытушы сабақ береді. 1 оқытушының докторлық (тарих, филология салалары бойынша), 5 оқытушының магистрлік (дінтану магистрі) дәрежесі бар.

Медресенің материалдық-техникалық базасы білім заңдарында көрсетілген талаптарға сай келеді. Оқу корпусы 2 қабаттан тұрады, салыну алаңы 706 ш.м2.,жалпы алаңы 588,40 ш.м2. Бірінші қабатта – оқу аудиториялары, екінші қабатта – әкімшілік және оқытушылар кабинеттері орналасқан. Оқу ғимараты қажетті жиһаздармен, ұйымдастыру техникасы, компьютер сыныбымен толық жабдықталған.

Оқу ғимаратына іргелес 120 орынға арналған 3 қабатты, жалпы алаңы 1426,4 ш.м2медресенің жатақханасы бар. Онда конференц-зал, асхана, медициналық пункт және, тренажерлік жаттығу бөлмесі орналасқан. Сондай-ақ, арнайы оқу залымен қамтылған медресе кітапханасында 4 мынға жуық кітап қоры бар.

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    Жоғары