Тілдік нұсқа
Радио
СЕРІКБАЙ ҚАЖЫ ОРАЗ
1975 жылы  12-сәуірде дүниеге келген.  Білімі: 1990-1992 жылдары Ташкент қаласында қарилар дайындайтын медресені тамамдаған. 1992-1994 жылдары Мысырдағы Аль-Азһар университетінде оқыған.1995-1996 жылдары Исламабадтағы Әлемдік университетінде білім көтерген. Алматы мемлекеттік Абай атындағы университетінде заң факультетін сырттай бітірген. 2012-2014 жылдары М.Дулатов атындағы Қостанай инженерлік-экономикалық ...
Қызылордада жұмыс барысында әдептілік сақтамаған мемлекеттік қызметші жазаланды
18 шілде, 2018 жыл 172 Басып шығару нұсқасы

Қызылорда облысы табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының бөлім басшысы азаматтар және әріптестерімен қарым-қатынаста сыпайылық пен әдептілік танытпағаны үшін тәртіптік жазаға тартылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бұл жөнінде ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаментіне жергілікті азаматша ашғым айтып келген. Осыған сәйкес департаменті тарапынан жоспардан тыс тексеру жүргізілді. Тексеру нәтижесінде бөлім басшысы тарапынан Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан Республикасы мемелкеттік қызметшілерінің әдептілік нормаларын және мінез-құлық қағидаларын одан әрі жетілдіру жөніндегі шаралар туралы» Жарлығының нормалары бұзылғандығы анықталды.

«Тексеру қорытындысы бойынша Қызылорда облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасына бөлім басшысының тәртіптік мәселесін қарау туралы ұсыныс енгізілді. Бөлім басшысы «қатаң сөгіс»» түріндегі тәртіптік жазаға тартылды», - деді ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаментінің мемлекет қызмет саласындағы бақылау басқармасының бас маманы Нұржан Алиев.

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    Жоғары