Тілдік нұсқа
Радио
СЕРІКБАЙ ҚАЖЫ ОРАЗ
1975 жылы  12-сәуірде дүниеге келген.  Білімі: 1990-1992 жылдары Ташкент қаласында қарилар дайындайтын медресені тамамдаған. 1992-1994 жылдары Мысырдағы Аль-Азһар университетінде оқыған.1995-1996 жылдары Исламабадтағы Әлемдік университетінде білім көтерген. Алматы мемлекеттік Абай атындағы университетінде заң факультетін сырттай бітірген. 2012-2014 жылдары М.Дулатов атындағы Қостанай инженерлік-экономикалық ...
Муфтият: қарақшылық пен қан төгуді қатаң айыптайды
20 шілде, 2018 жыл 148 Басып шығару нұсқасы

Денис Тен біздің еліміздің мақтанышы, бетке ұстар спорт шебері болатын.

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы Денистің туған-туыстары мен жақындарына көңіл айта отырып, болған оқиғаға сабыр тілейміз, қайғысына ортақпыз.

Бұл оқиға – қанышерлік іс әрі жабайылықтың, қарақшылықтың көрінісі. Ислам діні – қарақшылықпен айналысып адам қанын төгуді айыптайды және бірде-бір адамды жазықсыз өлтіруге жол бермейді. Тіпті, сол арқылы күллі адамзатты құтқару қажет болса да. Сондықтан да, бір адамның қанын төгу барша адамзатты өлтіргенмен тең. Алла Тағала қасиетті Құран Кәрімде қан төгушілікті айыптай отырып:

«Кімде-кім кісі өлтірмеген немесе жер бетінде бүлік шығарып, бұзақылық жасамаған бейкүнә жанды нақақтан-нақақ өлтірсе, бүкіл адамзатты өлтіргендей болады», – дейді. («әл-Мәида» сүресі, 32-аят)

Сонымен қатар, имам Мүслім, Насаи және Тирмизи секілді ғалымдардың хадистер жинағында келгендей Алла елшісі (Оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын):

«Алла үшін бір адамды өлімге бұйыруға қарағанда бүкіл әлемді жоқ ету әлде қайда жеңіл», – дейді.

Яғни, Алланың құзырында әрбір адам баласының қадір-қасиеті бар. Міне, Жаратушының алдында қадірі бар адамның қанын төккені үшін қылмыскерлер заң бойынша қатаң түрде жазалануы қажет. Алла Тағала Құранда:

«Қарақшылықпен айналысып жер бетінде бүлік шығарып, бұзақылық жасағандарға берілетін жаза – ...олардың дүниеде көретіні қорлық. Ал, ақыретте олар үшін жан төзгісіз азап бар», – деген.

Аяттың мағынасына үңілер болсақ, Алла Тағаланың Өзі құрметке бөлеген адам баласының жазықсыз өлімі үшін дүниеде қорлыққа ұшыратып, ақыретте қатаң жаза беретіндігі ескертілуде. Себебі, мұндай сорақы қылмыс тек қана қатыгез қылмыскердің ғана ісі.

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    Жоғары