Тілдік нұсқа
Радио
СЕРІКБАЙ ҚАЖЫ ОРАЗ
1975 жылы  12-сәуірде дүниеге келген.  Білімі: 1990-1992 жылдары Ташкент қаласында қарилар дайындайтын медресені тамамдаған. 1992-1994 жылдары Мысырдағы Аль-Азһар университетінде оқыған.1995-1996 жылдары Исламабадтағы Әлемдік университетінде білім көтерген. Алматы мемлекеттік Абай атындағы университетінде заң факультетін сырттай бітірген. 2012-2014 жылдары М.Дулатов атындағы Қостанай инженерлік-экономикалық ...
ҚОЯНДЫ АУЫЛЫНДА ЖАҢА ИМАМ
23 шілде, 2018 жыл 357 Басып шығару нұсқасы

Бүгінде Астананың іргесіндегі елді мекендер күрт өсіп, тұрғындар саны да көбейе түсуде. Мұндағы имани насихат та жандана түскен жайы бар. Жақында Бас мүфтидің бұйрығымен Қоянды ауылдық мешітіне жаңа имам тағайындалды.
Ақмола облысының бас имамы Қуаныш Сәбит қасиетті жұма күні жергілікті жамағатпен кездесіп, оларға жаңа имамды таныстырды. Бұл қызметке тағайындалған Ақжан Ділдаханов ,,Нұр Мүбәрәк,, ислам университетінің биылғы жылғы түлегі. Ол бұл оқу орнының алдында ,,Әбу Ханифа,, медресесін бітірген еді. Жоғары білімді маман халқы көп іргелі ауылда діни қызметті атқаратын болады.
Ал, осы уақытқа дейін аталған ауыл мешітінде имамдық еткен Жәнібек Заманбекке жергілікті жамағат иығына шапан жауып, астына ат мінгізді. Облыс имамы Қуаныш Сәбит елдің атынан зор ризашылық білдіре келіп, Наиб мүфти Бауыржан Есмаханның Алғыс хатын табыс етті.
Жаңа имамдық қызметке тағайындалған Ақжан Ділдахановтың иығына да шапан жауып, жаңа қадамы жақсылықтан басталсын деген тілектерін жолдады.

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    Жоғары