Тілдік нұсқа
Радио
СЕРІКБАЙ ҚАЖЫ ОРАЗ
1975 жылы  12-сәуірде дүниеге келген.  Білімі: 1990-1992 жылдары Ташкент қаласында қарилар дайындайтын медресені тамамдаған. 1992-1994 жылдары Мысырдағы Аль-Азһар университетінде оқыған.1995-1996 жылдары Исламабадтағы Әлемдік университетінде білім көтерген. Алматы мемлекеттік Абай атындағы университетінде заң факультетін сырттай бітірген. 2012-2014 жылдары М.Дулатов атындағы Қостанай инженерлік-экономикалық ...
БАС МЕШІТТІҢ ЖАҢА НАИБ ИМАМДАРЫ ЖАМАҒАТПЕН ТАНЫСТЫ
23 шілде, 2018 жыл 210 Басып шығару нұсқасы

Қасиетті жұма күні Сыр өңірінің Бас мешіті - «Ақмешіт-Сырдария» орталық мешітіне екі бірдей наиб имам тағайындалды.

Бүгінде ҚМДБ төрағасы, Бас мүфти Серікбай қажы Сатыбалдыұлының тапсырмасымен жергілікті халықтың діни білімін арттыру мақсатында білікті кадрларды қызметке шақыру арқылы облыстағы діни ахуал тұрақтылығын сақтау басты назарға алынған. Осыған орай, өңірімізде білікті кадрларды барынша көптеп шақыру жұмыстары жүргізілуде.

Өңірдің өкіл имамы орталық мешітте бес жыл бойы абыроймен адал қызмет атқарып, жуырда Шиелі аудандық орталық мештіне бас имам болып тағайындалған Б.Улжаевқа алғыс білдірді, қазақы дәстүрмен иығына шапан жауып, жаңа қызметіне сәттілік тіледі және де аталмыш мешіттің жаңа қызметкерлерін барша жамағаттың алдында таныстырды.

Евилхан Съезбек – 11.06.1976 жылы Моңғолия мемлекетінде дүниеге келген.

Білімі:

1997-2002 жж. Түркия мемлекетінде;

2006-2008 жж. ҚМДБ «Ислам институтында» оқыған.

Еңбек жолы:

1995-1996 жж. Павлодар қ., «Ақмешіт» мешітінде азаншы;

1996-1997 жж. Павлодар қ., Ертіс аудандық мешітінің наиб имам;

2015-2018 жж. Қызылорда обл., Арал аудандық орталық мешітінде бас имам болып қызмет атқарған.

 

Ешмахан Рүстем – 21.06.1985 жылы Қызылорда облысы, Қазалы ауданында дүниеге келген.

Білімі: 
2005-2006 жж. Отырар университетінде дайындық курсында;

2007-2008 жж. Отырар университетінің «философия» факультетінде;

2008-2011 жж. Ливия мемлекетінде «Исламға шақыру» университетінде білім алған.

2015-2018 жж. «Ақтөбе» медресе-колледжін тәмамдаған.

Еңбек жолы:

2012-2013 жж. Қызылорда облысы, Қазалы аудандық мешітінде наиб имам;

2014 ж. Қызылорда облысы, Сырдария аудандық «Мұсылмандар» мешітінде наиб имам;

2014-2015 жж. Алматы облысы, Шамалған ауылдық мешітінде наиб имам;

2016-2018 жж. Қызылорда облысы, Қазалы аудандық «Жанқожа батыр» мешітінде наиб имам болып қызмет атқарған.

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    Жоғары