Тілдік нұсқа
Радио
СЕРІКБАЙ ҚАЖЫ ОРАЗ
1975 жылы  12-сәуірде дүниеге келген.  Білімі: 1990-1992 жылдары Ташкент қаласында қарилар дайындайтын медресені тамамдаған. 1992-1994 жылдары Мысырдағы Аль-Азһар университетінде оқыған.1995-1996 жылдары Исламабадтағы Әлемдік университетінде білім көтерген. Алматы мемлекеттік Абай атындағы университетінде заң факультетін сырттай бітірген. 2012-2014 жылдары М.Дулатов атындағы Қостанай инженерлік-экономикалық ...
Жастарға насихат тұрақты айтылуда
27 шілде, 2018 жыл 209 Басып шығару нұсқасы

ҚМДБ-ы 2018 жылды «Ислам және отбасы жылы» деп жариялап, осы бағытта  имам-молдалар, дін және мешіт қызметшілерінің атқаратын іс-қызметтерінің бағытын айқындаған бағдарлама қабылдаған еді. Сонымен қатар  күн сайынғы 5 уақыт намаз арасында айтылатын уағыз-насихаттардың дені де осы тақырыпқа негізделіп келеді. Өйткені елімізде соңғы жылдары  шаңырақ көтерген жастардың алдағы  отбасылық өмірі бақытты да баянды болуы Тәуелсіз мемлкетіміздің гүлденіп көркеюінің бірден-бір кепілі болмақ.

Сондықтан да  ҚМДБ-нан бекітілген бағыт бойынша «Ислам және отбасы» жылы аясында Павлодар облысы өкілдігі өткен мерзімде біршама игі істер атқарып келеді. Солардың бірі «Мәшһүр Жүсіп» мешітіне  неке қидыруға тізімделген жастарды өткен наурыз айынан бері әр аптаның бейсембі күні  арнайы шақырып «Исламдағы отбасы», «Шариғат бойынша ері мен әйелінің бір-бірінінің алдындағы міндеттері мен құқықтары», «Отбасы жылулығы», «Ажырасу-Алла Тағаланың алдындағы ең жағымсыз амал» екендігі туралы көптеген тақырыптар бойынша уағыздар айтылып, ақыл-кеңестер беріліп келеді. Бұл іске мешіт имамдары мен ұстаздары белсене атсалысуда.

Осы аптаның бейсембі күні бұл шараны облыс өкілдігінің жалпы және жастар ісінің меңгерушісі, қалалық «Әбу Бәкір сыддық» мешітінің бас имамы Әкімбеков Біржан жүргізді.

 «Осы қалада некелескен барлық жастар түгелімен «Мәшһүр Жүсіп» мешітіне келіп неке қидырады. Себебі бұл мешіт әсем де көрікті. Сондықтан да осында неке қидыруға қатысты барлық жағдайлар жасалған. Соңында жұптар туыс-туғандарымен бірге мешіт жанында әртүрлі естелік суретттерге түседі. Бұл олардың өміріндегі ең ұмытылмас  сәт, аса шешуші кезең. Біз некелесіп жатқан жастарға отбасы бақыты деп қандай жағдай болмасын ерлі-зайыптылар бір-біріне құрмет етіп жақсы мәміледе болуында екендігін түсіндіреміз.  Бір-біріне деген қызғаныш, басқа да келеңсіз  деген сезімнен бойды аулақ ұстау керектігін айтамыз. Оларға жөн сілтеп, бағыт-бағдар беретін Алланың кәләмі Құран мен Пайғамбарымыздың (Оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) хаидстері. Егер өмір сүру салтымызды осы Ислам дініне негіздейтін болсақ, отбасымызда, отанымызда әрқашан тыныш болып, берекеге толып екі дүниенің бақытына қол жеткізеріміз анық»,-дейді Біржан Бақытұлы.

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    Жоғары