Түркия Африка мен Азияның кедей елдеріне көмек көрсетуде көш бастады. Бұл туралы Түркияның Преториядағы (ОАР) елшілігінің ашылу салтанатында республика президенті Режеп Тайып Ердоған мәлімдеді.
Оның айтуынша, Түркия дамушы елдерге 8 миллиард доллардан аса қаражат бөлген.
«10-15 жыл бұрын біз тек кейбір аймақтарға ғана көңіл бөлдік, енді әлемде дипломатиялық үкімет желісі бойынша 6 өлшемді иемдендік» дейді түрік басшысы.
Пікірлер