Тілдік нұсқа
Радио
СЕРІКБАЙ ҚАЖЫ ОРАЗ
1975 жылы  12-сәуірде дүниеге келген.  Білімі: 1990-1992 жылдары Ташкент қаласында қарилар дайындайтын медресені тамамдаған. 1992-1994 жылдары Мысырдағы Аль-Азһар университетінде оқыған.1995-1996 жылдары Исламабадтағы Әлемдік университетінде білім көтерген. Алматы мемлекеттік Абай атындағы университетінде заң факультетін сырттай бітірген. 2012-2014 жылдары М.Дулатов атындағы Қостанай инженерлік-экономикалық ...
ӨКІЛ ИМАМ ПСИХОЛОГ МАМАНМЕН КЕЗДЕСТІ
06 тамыз, 2018 жыл 165 Басып шығару нұсқасы

Бүгін өкіл имам Төлеби Оспан Ақтөбеге арнайы іссапармен келген психолог Әлия Төлегенова және «Жарық» ақпараттық-консультативтік орталығының директоры Айгүл Дүйсеновамен кездесті.

Өкіл имам бүгінде өмірлік әр түрлі жағдаяттарда білікті мамандардың кеңесіне жүгінудің маңыздылығын атап өтті. Осы ретте, діни басқарманың тапсырмасы аясында 2016 жылы облыс орталығында  ашылған әйелдерге арналған діни сауат ашу орталығының жұмысына айрықшатоқталды. Орталықты ашудағы мақсат – жергілікті әйел жамағатының өтінішін қанағаттандыру, олардың діни сауатын арттыру, дәстүрлі діни бағытты насихаттау. Өкіл имам орталықта «Асыл әжелер», «Аяулы аналар» және «Инабатты арулар» мектебі жұмыс жасайтындығын айтып, салт-дәстүр мен дін үндестігін насихаттайтын ауқымды шаралар өткізілетіндігін жеткізді. Бүгін басталған психологиялық тренинг, семинарлардың аталмыш орталықта өтуі де оның маңызын арттыра түсетіндігіне, жамағат үшін пайдалы болатындығына зор сенім білдірді.

Өкілдік тарапынан бұдан басқа да қолдау көрсетілетіндігін жеткізген өкіл имам Төлеби қажы Оспан алдағы іс-шараларға сәттілік тіледі. Сондай-ақ, семинарларда әйелдің тұлға ретінде өзін-өзі жан-жақты дамытуы, мұсылманшылық пен модернизмді үйлестіре білу жайында кеңірек айтылып, әдемілікке құмар әйел затының сыртқы болмысын да сұлу кейпінде сақтау, оның жанұя жарысымына әсері туралы тренингтер көбірек қамтылса деген тілегін жеткізді.

 

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    Жоғары