Тілдік нұсқа
Радио
СЕРІКБАЙ ҚАЖЫ ОРАЗ
1975 жылы  12-сәуірде дүниеге келген.  Білімі: 1990-1992 жылдары Ташкент қаласында қарилар дайындайтын медресені тамамдаған. 1992-1994 жылдары Мысырдағы Аль-Азһар университетінде оқыған.1995-1996 жылдары Исламабадтағы Әлемдік университетінде білім көтерген. Алматы мемлекеттік Абай атындағы университетінде заң факультетін сырттай бітірген. 2012-2014 жылдары М.Дулатов атындағы Қостанай инженерлік-экономикалық ...
Шымкент:  “Әдемі әуезді азаншы - ІІІ” атты республикалық азаншылар жарысының іріктеуі өтті
04 тамыз, 2018 жыл 217 Басып шығару нұсқасы

Қасиетті жұма күні Шымкент қаласы орталық мешітінің мәжіліс залында “Әдемі әуезді азаншы - ІІІ” атты республикалық азаншылар жарысының іріктеуі сайысы болып өтті.

Салтанатты шара барысында Шымкент қаласының өкіл имамы Бақтыбай Қыдырбайұлы, наиб имам Мұхамеджан Естеміров қатысып, барша қатысушыларға сәттілік теліп, ақ батасын берді.

Дүбірлі жарысқа 30-дан астам азаншылдар қатысып, нәтижесінде мына азаншларымыз топжарды. Олар Шымкент қаласы, Еңбекші ауданы «Исамиддин баба» мешітінің азаншысы Талғат Бейсеков 1-ші орын, Әл-Фараби ауданынан «Саяси қуғын сүргін құрбандары» мешітінен келген азаншысы Жолбарыс Усенов 2-ші орын, ал 3-ші орынды  Шымкент қаласы Әл-Фараби ауданы «Айқап» мешітінің  Ишанғали Ақназар азаншысы ұтып алды. Жеңімпаздарға өкілдік тарапынан қаржылай және арнайы дипломмен табыс етілді. Ал қалған қатысушыларға ынталандыру мақсатында алғыс хат табыс етілді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    Жоғары