Тілдік нұсқа
Радио
СЕРІКБАЙ ҚАЖЫ ОРАЗ
1975 жылы  12-сәуірде дүниеге келген.  Білімі: 1990-1992 жылдары Ташкент қаласында қарилар дайындайтын медресені тамамдаған. 1992-1994 жылдары Мысырдағы Аль-Азһар университетінде оқыған.1995-1996 жылдары Исламабадтағы Әлемдік университетінде білім көтерген. Алматы мемлекеттік Абай атындағы университетінде заң факультетін сырттай бітірген. 2012-2014 жылдары М.Дулатов атындағы Қостанай инженерлік-экономикалық ...
«Ақтөбе медресе-колледжі» оқуға шақырады!
13 тамыз, 2018 жыл 633 Басып шығару нұсқасы

«Ақтөбе медресе колледжі» 2018-2019 оқу жылына діни білім алуға ниетті талапкерлерді оқуға шақырады. Студенттерге арнайы жатақхана, асхана және намазхана қарастырылған. Салауатты өмір салтын ұстанатын жастарымызға спорт зал кешені жұмыс жасайды.

Сонымен қатар, 25 орындық мемлекеттік грант, 16 759 теңге шәкіртақы тағайындалған. Оқу мерзімі 2 жыл 10 ай.

Оқуға қабылдау құжаттары:

– Өтініш (директор атына);

– білім туралы құжаттың түпнұсқасы (аттестат, диплом);

– 3х4 сурет (4 дана);

– жеке куәлік көшірмесі;

– 0-63 анықтамасы, флюорография (суретімен);

– наркодиспансер анықтамасы;

– психдиспансер анықтамасы;

– мекен-жай анықтамасы;

– сотталмағандығы туралы анықтама;

– Облыстың өкіл имамының ұсынысы.

Күндізгі оқу бөліміне құжат қабылдау 26 тамызға дейін жалғасады. Сырттай оқу бөліміне – 20 қыркүйекке дейін. Оқуға қабылдау мамандықтар бойынша жеке қабылдау комиссиясының отырысында ашық жүргізіледі.

Естеріңізге сала кетейік, өткен жылы медресе ғимаратын облыс орталығына көшіру үшін облыс әкімі 5 га жер бөлген болатын. Құрылыс жұмыстары жақында басталады деп күтілуде. Білім ордасының жаңа ғимараты заманауи үлгіде, оқу корпусы, мешіт, спорт алаңы, әлеуметтік баспана, т.б. шағын құрылыстардан тұратын кешенді ғимарат болып салынбақ. Бұл медресе шәкірті атанатын, болашақ білімпаз жастар үшін де өте үлкен мүмкіндік.

Екі дүниенің шамшырағы болған діни білім алуға ұмтыл, жас талапкер!

Толық ақпарат үшін: 8 713 376 8145 , 8 7132 77 43 49.

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    Жоғары