Тілдік нұсқа
Радио
СЕРІКБАЙ ҚАЖЫ ОРАЗ
1975 жылы  12-сәуірде дүниеге келген.  Білімі: 1990-1992 жылдары Ташкент қаласында қарилар дайындайтын медресені тамамдаған. 1992-1994 жылдары Мысырдағы Аль-Азһар университетінде оқыған.1995-1996 жылдары Исламабадтағы Әлемдік университетінде білім көтерген. Алматы мемлекеттік Абай атындағы университетінде заң факультетін сырттай бітірген. 2012-2014 жылдары М.Дулатов атындағы Қостанай инженерлік-экономикалық ...
БАС МҮФТИ АСТАНАДАН АТТАНҒАН ҚАЖЫЛАРҒА АҚ ЖОЛ ТІЛЕДІ (ФОТО)
15 тамыз, 2018 жыл 98 Басып шығару нұсқасы
Бүгін Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Серікбай қажы Ораз астаналық қажыларды ұлы сапарға шығарып салу рәсіміне қатысты. Салтанатты шараға Сауд Арабиясы Корольдігінің Қазақстандағы елшісі Захир бен Мутиш Әл-Энази мырза да қатысып, қазақстандық қажыларға сәт сапар тіледі.
"Қажылықтың өзіне тән қиындықтары мен сынақтары болады. Әуежайдан бастап, елге қайтып келгенше түрлі машақатты бастан өткереміз. Сондықтан әр сынақты сабырмен қабылдап, төзімділік танытуымыз тиіс. Өйткені, сіздер Алланың жолында сапарға ниеттеніп, қажылық өтеуге бел будыңыздар. Алла баршаңызға қабыл болған қажылықты нәсіп еткей. Әмин", - деді Бас мүфти Серікбай қажы Ораз.
Өз кезегінде Сауд Арабиясы Корольдігінің Қазақстандағы елшісі Захир бен Мутиш Әл-Энази мырза қажыларға ізгі ниетін жеткізіп, жылы лебізін білдірді.
 
Айта кетейік, бүгін Астанадағы Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайынан 290 қажы Астана-Жидда бағыты бойынша ұлы сапарға аттанды. 

 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    Жоғары