Тілдік нұсқа
Радио
СЕРІКБАЙ ҚАЖЫ ОРАЗ
1975 жылы  12-сәуірде дүниеге келген.  Білімі: 1990-1992 жылдары Ташкент қаласында қарилар дайындайтын медресені тамамдаған. 1992-1994 жылдары Мысырдағы Аль-Азһар университетінде оқыған.1995-1996 жылдары Исламабадтағы Әлемдік университетінде білім көтерген. Алматы мемлекеттік Абай атындағы университетінде заң факультетін сырттай бітірген. 2012-2014 жылдары М.Дулатов атындағы Қостанай инженерлік-экономикалық ...
Батыста Құрбан айтқа дайындық басталды
17 тамыз, 2018 жыл 169 Басып шығару нұсқасы

Қасиетті «Құрбан» айт мерекесіне орай Орал қаласы әкімдігі жанындағы діни бірлестіктердің отырысы болып өтті. Кеңес мүшелері мен мал бордақылау орындарының өкілдері қатысқан жиынды қала әкімінің міндетін атқарушы, кеңес төрағасы Мирболат Нұржанов жүргізді.

Бұл күні Оралда бес мекеме аумағында мал бордақылау алаңдары жасақталады. Олар: «Ел ырысы» базары, «Кублей», «Уральские колбасы», «Батыс Адал ет» ЖШС-лары және «Куспанов» ЖК. Жауапты мекемелер басшыларына қауіпсіздік, санитарлық тазалық, қоғамдық көліктердің маршруттарын қадағалау мәселелерін бақылауға алуды тапсырды.

ҚМДБ-ның БҚО бойынша өкіл имамы Еркебұлан Қарақұловтың басшылығымен мешіттерде Құрбан айт мерекесіндегі діни жоралғыларды жоғары деңгейде өткізу жұмыстары ұйымдастырылуда.

«Облыс мешіттерінде айт намазы таңғы сағат 7.15-те оқылады. Мешітке келетін жамағатқа жағдай жасауды басты назарға аламыз. Сонымен қатар, құрбандық малы сойылатын кәсіпорындар басшыларымен кездесіп, құрбан шалу рәсімдерінің өз деңгейінде атқарылуына ықпал етеміз»,- деген облыстың бас имамы Еркебұлан Ыбырайымұлы қала тұрғындарын мерекені өзара ынтымақтастықпен өткізуге шақырды.

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    Жоғары