Тілдік нұсқа
Радио
СЕРІКБАЙ ҚАЖЫ ОРАЗ
1975 жылы  12-сәуірде дүниеге келген.  Білімі: 1990-1992 жылдары Ташкент қаласында қарилар дайындайтын медресені тамамдаған. 1992-1994 жылдары Мысырдағы Аль-Азһар университетінде оқыған.1995-1996 жылдары Исламабадтағы Әлемдік университетінде білім көтерген. Алматы мемлекеттік Абай атындағы университетінде заң факультетін сырттай бітірген. 2012-2014 жылдары М.Дулатов атындағы Қостанай инженерлік-экономикалық ...
МИССИЯ ТӨРАҒАСЫ МЕККЕДЕ ҚАЖЫЛАРМЕН ЖҮЗДЕСТІ (ФОТО)
17 тамыз, 2018 жыл 179 Басып шығару нұсқасы

Қазақстан Қажылық миссиясының төрағасы, наиб мүфти Бауыржан қажы Əбдірашұлы Мекке шаһарында  қонақүйлерде орналасқан қажылармен кездесті.
Кездесу барысында Б.Əбдірашұлы  қажыларға Бас мүфти Серікбай қажы Ораздың дұғай сəлемін жеткізді. 

Миссия мүшелері қажылардың денсаулығымен, асхана жұмысымен танысып, тиісті нұсқаулықтар берді. 

Сонымен қатар, миссия төрағасы Бауыржан қажы Есмахан жəне ҚМДБ қызметкері Бауыржан Əлиұлы қажыларды толғандырған сұрақтарға жауап берді.

"Құрметті қажылар, қажылық сапарын ұйымдастыруға қатысты қандай да сұрақтарыңыз бен ұсыныс-өтініштеріңіз болса, біз оны ескеретін боламыз. Миссияның мақсаты - қажыларға көрсетіліп жатқан қызмет сапасын қадағалау. Алла Тағала баршамызға қажылық парызымызды дұрыс атқарып, елге, отбасымызға аман-есен оралуды нəсіп еткей", - деді наиб мүфти Бауыржан қажы Əбдірашұлы.

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    Жоғары