ҚМДБ-ның Семей аймағы бойынша өкілі имамы Алтыбай Мақсат Қуанышұлының және «Зекет» қоры бірігіп пәтер жалдап тұратын 5 балалы отбасыға баспананың кілтін табыс етті.
Өкіл имам Мақсат Қуанышұлы жаңа үйге кірген отбасыға ақ батасын беріп: «Бұл атқарып жатқан игі жұмыстарымызды көпшілікке көрсетпеуімізгеде болатын еді. Бірақ, бұл жұмыс басқа қалталы азаматтарға ғибрат болса екен деген ниетіміз бар»,-деді.
Бұған дейін пәтер жалдап, таршылық тауқыметін көрген Айсұлу Сәрсембекқызы өкіл имам Мақсат Қуанышұлына, көмек көрсеткен мешіт жанашырлары мен мешіт жамағатына, мейірімді жандарға алғыс айтамын»,- деді.
Пікірлер