Тілдік нұсқа
Радио
СЕРІКБАЙ ҚАЖЫ ОРАЗ
1975 жылы  12-сәуірде дүниеге келген.  Білімі: 1990-1992 жылдары Ташкент қаласында қарилар дайындайтын медресені тамамдаған. 1992-1994 жылдары Мысырдағы Аль-Азһар университетінде оқыған.1995-1996 жылдары Исламабадтағы Әлемдік университетінде білім көтерген. Алматы мемлекеттік Абай атындағы университетінде заң факультетін сырттай бітірген. 2012-2014 жылдары М.Дулатов атындағы Қостанай инженерлік-экономикалық ...
МЕККЕ: ҚАЖЫЛЫҚ МӘСЕЛЕЛЕРІНЕ АРНАЛҒАН АЛҚАЛЫ ЖИЫН ӨТТІ (ФОТО)
18 тамыз, 2018 жыл 94 Басып шығару нұсқасы

Мекке шаһарында қажылық сапарын ұйымдастыру-үйлестіру  жұмыстарына қатысты арнайы алқалы жиын өтті.
Жиналысқа Қажылық миссиясының төрағасы, наиб мүфти Бауыржан қажы Әбдірашұлы, Қазақстанның Жидда қаласындағы Бас консулы Талғат Шалданбай, ҚМДБ Аппарат басшысы, миссия төраға орынбасары Ғылымбек Мəжиев, Қоғамдық даму министрлігінің өкілі Бақытжан Дүйсебаев, қажылық компанияларының жетекшілері, жолбасшы (гид) мамандар, имамдар қатысты.
Жиында дәрігердің жұмысы, жолбасшы (гид) мамандардың қызметі, қонақүйлерде санитарлық талаптардың сақталуы, қажыларға түсіндірме жұмыстардың жүргізілуі, діни рәсімдердің дұрыс орындалуы, азаматтардың денсаулығы, жол-көлік қауіпсіздігі, т.б. мәселелер кеңінен талқыланды.
Ресми жиналысты ашқан наиб мүфти, Қажылық миссиясының төрағасы Бауыржан қажы Әбдірашұлы фирма жетекшілеріне мүфтият пен Қажылық министрлігінің талаптарын ыждаһаттылықпен орындау қажеттігін жеткізді.
Өз кезегінде сөз алған Жидда қаласының Бас консулы Талғат Рақымқұлұлы қажылық сапарының ұйымдастыру жұмыстарына елшілік тарапынан жан-жақты қолдау көрсетілетінін мәлімдеді.
Ал ҚМДБ Аппарат басшысы Ғылымбек Жәдігерұлы фирма жетекшілері мен имамдарға дәстүрлі емес діни көзқарастағы тұлғалардың уағыз айтуына жол бермеуді тапсырды.
Қоғамдық даму министрлігінің өкілі Бақытжан Дүйсебаев та уәкілетті орган тарапынан қолдау көрсетіліп жатқанын жеткізді.
Жиын соңында Қажылық миссия басшылары фирма жетекшілері мен имамдарға тиісті тапсырмалар берді.

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    Жоғары