Тілдік нұсқа
Радио
СЕРІКБАЙ ҚАЖЫ ОРАЗ
1975 жылы  12-сәуірде дүниеге келген.  Білімі: 1990-1992 жылдары Ташкент қаласында қарилар дайындайтын медресені тамамдаған. 1992-1994 жылдары Мысырдағы Аль-Азһар университетінде оқыған.1995-1996 жылдары Исламабадтағы Әлемдік университетінде білім көтерген. Алматы мемлекеттік Абай атындағы университетінде заң факультетін сырттай бітірген. 2012-2014 жылдары М.Дулатов атындағы Қостанай инженерлік-экономикалық ...
Университеттің бір топ ұстаздары мен қызметкерлері ҚР БҒ министрінің марапатына ие болды
22 тамыз, 2018 жыл 212 Басып шығару нұсқасы

Биылғы оқу жылы Нұр-Мүбарак Египет ислам мәдениеті университеті үшін жемісті басталды. Жаңа 2018-2019 оқу жылы алдында ұжымның басын қосқан университет ректорының кеңесшісі Ержан қажы Малғажыұлы мен проректор, профессор Шамшәдин Керім мырзалар ұстаздар мен қызметкерлерге сәттілік тіледі. Құрбан айт қарсаңындағы бұл басқосудың жақсы жаңалықтары да көп болды. Себебі биыл бакалавриат бөліміне исламтану бойынша – 202, дінтануға – 8, магистратура бөлімі бойынша исламтану – 10, дінтануға – 6, докторантура бөліміне исламтану – 7, дінтану – 11 адам мемлекеттік білім грантын иеленді.
Ал шәкірттердің білімді де білікті болуы үшін барынша еңбек етуші ұжым арасынан біршама оқытушылар мен қызметкерлер ҚР Білім және ғылым министрлігінің Құрмет грамотасы мен Алғыс хатына ие болды.
Құрмет грамотасымен марапатталғандар: «Дінтану» кафедрасының меңгерушісі PhD, қ.профессор Қалмахан Ержан, ғылым докторы, профессор Қайрат Затов, Жалпыуниверситеттік гуманитарлық пәндер кафедрасының меңгерушісі Дариға Қапасова, оқытушы Ляйла Турумбетова, бөлім меңгерушісі филол.ғ.к. Гүлім Имашева иеленді. Сондай-ақ Әбу Ханифа ҒЗО директоры, PhD Қайрат Құрманбаев, кадр бөлімінің меңгерушісі магистр Қарлығаш Қайранбаева, филол.ғ.к., профессор м.а. Гүлдархан Рысбаева, аға оқытушы Хафиза Оразбаева, аға әдіскер Сауле Тлебалдиналарға ҚР Білім және ғылым министрлігінің Алғыс хаты табыс етілді. Марапат иелерін құттықтаған ұжым өкілдері, әрдайым сәттілік пен табысты еңбек тіледі.
Сондай-ақ дәл қазіргі уақытта қасиетті Мекке мен Мәдинада қажылық парызын өтеп жатқан ұжым өкілдеріне де құлшылықтарының қабыл болуына тілектестік білдіріп, қасиетті Құрбан айтпен құттықтады.

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    Жоғары