Тілдік нұсқа
Радио
СЕРІКБАЙ ҚАЖЫ ОРАЗ
1975 жылы  12-сәуірде дүниеге келген.  Білімі: 1990-1992 жылдары Ташкент қаласында қарилар дайындайтын медресені тамамдаған. 1992-1994 жылдары Мысырдағы Аль-Азһар университетінде оқыған.1995-1996 жылдары Исламабадтағы Әлемдік университетінде білім көтерген. Алматы мемлекеттік Абай атындағы университетінде заң факультетін сырттай бітірген. 2012-2014 жылдары М.Дулатов атындағы Қостанай инженерлік-экономикалық ...
ШЫМКЕНТ:  Әл-Фараби ауданында Құрбан айтты мерекелеу жалғасуда (ФОТО)
23 тамыз, 2018 жыл 195 Басып шығару нұсқасы

Бүгін, ҚМДБ-ның Шымкент қаласы, Әл-Фараби аудандық орталық «Абдул Хамид Қаттани» мешітінің ұйытқы болуымен мешіт жанындағы «Ордабасы» алаңында қасиетті Құрбан айт мерекесі жалпы халықтық мереке ретінде ерекше ұйымдастырылды.

Мерекелік шараны ҚМДБ-ның Шымкент қаласы, Әл-Фараби аудандық орталық «Абдул Хамид Қаттани» мешітінің бас имамы Бақдаулет Абдрахмнов әсерлі уағыз айтып, жиналған қала тұрғындарына ҚМДБ-ның төрағасы, Бас мүфти Серікбай қажы Ораз хазреттің құттықтау лебізін оқып таныстырумен бастады.

Қала әкімдігінің қолдауымен «Ордабасы» алаңына арнайы сахна, лед- экрандар орнатылып, ұлттық ойын түрлерінен сайыстар өткізілді. Оны қалалық жастар ісі бөлімінің жетекшісі Азамат Әбдікерімұлының жүргізуімен дін мен дәстүрге үйлесімді түрде мәдени іс-шаралармен жалғасын тапты.  Халықтың назарын аудару үшін қазақи терме әндерге кезек беріліп, арасында кір тасын көтеру, арқан тарту, қол күрес және қой көтеру сынды т.б. ойындар ұйымдастырылып, жеңімпаздарға орталық мешіт тарапынан бағалы сый-сияпаттар үлестірілді.

Мерекесін сәтінде қалалық әйел-қыздар секторының қызметкерлері мерекенің бастауы ретінде түрлі тәттілер мен бауырластар тегін таратып, шашу шашты.

Орталық  «Абдул Хамид Қаттани» мешітінің бас имамы Бақдаулет Абдрахмновтың бастамасымен Құрбан айт күндерінің бірінші күнін ғибадат һәм зиярат ету күні, екінші күніне мәдени ұлтты іс-шаралар күні, ал үшінші күніне қайырымдылық һәм мейірімдік күні деп белгілеген екен.

Айт мереке құтты болсын!

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    Жоғары