Тілдік нұсқа
Радио
СЕРІКБАЙ ҚАЖЫ ОРАЗ
1975 жылы  12-сәуірде дүниеге келген.  Білімі: 1990-1992 жылдары Ташкент қаласында қарилар дайындайтын медресені тамамдаған. 1992-1994 жылдары Мысырдағы Аль-Азһар университетінде оқыған.1995-1996 жылдары Исламабадтағы Әлемдік университетінде білім көтерген. Алматы мемлекеттік Абай атындағы университетінде заң факультетін сырттай бітірген. 2012-2014 жылдары М.Дулатов атындағы Қостанай инженерлік-экономикалық ...
Студенттерге арналған жатақханалар аяқталуға жақын
27 тамыз, 2018 жыл 92 Басып шығару нұсқасы

Алматы қаласындағы қарқын­мен жүріп жатқан құрылыстардың бір бөлігін студенттердің тұрғын-жайлары қамтиды. Бүгінде жоғары оқу орындарының басым көпшілігі шоғырланған оңтүстік астанада 22 мыңдай студент жатақханаға мұқтаж.

Қала басшысы Бауыржан Байбек аяқталуға жақын жатақ­ханалар құрылысымен танысты. Студент­терді жатақ­ханамен толық қамтамасыз ету үшін соңғы үш жылда 37 жатақхана салу жос­­парланып отыр. Қала әкімдігі баспасөз қызметінің мәліметі бойынша, биыл қолданысқа төрт жатақхана беріледі. Ал 12 жоғары оқу орнында 4,8 мың орындық жатақхана құры­лысы үшін арнайы учаскелер анық­талған. Сондай-ақ қалада 19 жатақхана салу үшін жер телімдері беріліп отыр.

Б.Байбек жұмыс сапары барысында Бостандық ауданында салынғ­ан 400 орындық алты қа­батты жаңа жатақханамен танысты. Бүгінде мұнда тұрғын және тұрмыстық бөлмелерді жи­һазбен жабдықтау жұмыстары жү­ргізілуде. Қазақстан инженер­лік-тех­нологиялық университеті қала сыр­тындағы студенттерге ар­­налған тұрғын үйге қажеттінің бар­лы­ғын қамтамасыз ететін болады.

С.Асфендияров атындағы ҚазҰМУ жанындағы 600 орын­дық тоғыз қабатты жатақхана құрылысы да аяқталуға жақын. Қазіргі уақытта алаңы 11 мың шаршы болатын ғимараттың ішкі әрлеу және көріктендіру жұмыстары жүргізілуде.

Алматыда сонымен қатар «Алматы жастары» бағдар­лама­сы жалғасын табуда. Жас отба­сыларға жеке тұрғын үй сатып алуға мүмкіндік беру мақса­тында бастапқы төлемсіз 5% мөл­шерімен 2 млрд теңге қарастырылған.

Соңғы жылдары Алматыда тұр­ғын үй құрылысының қар­қыны 4 есеге өсіп, кезекте тұрған әрбір үшінші тұрғын пәтерге ие бол­ған. Ал жуық арада 17 мың­нан аса пәтер салынатын болады.

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    Жоғары