Тілдік нұсқа
Радио
СЕРІКБАЙ ҚАЖЫ ОРАЗ
1975 жылы  12-сәуірде дүниеге келген.  Білімі: 1990-1992 жылдары Ташкент қаласында қарилар дайындайтын медресені тамамдаған. 1992-1994 жылдары Мысырдағы Аль-Азһар университетінде оқыған.1995-1996 жылдары Исламабадтағы Әлемдік университетінде білім көтерген. Алматы мемлекеттік Абай атындағы университетінде заң факультетін сырттай бітірген. 2012-2014 жылдары М.Дулатов атындағы Қостанай инженерлік-экономикалық ...
АЛМАТЫ ҚАЛАСЫНЫҢ БАС ИМАМЫ «РАЙЫМБЕК» МЕШІТІ ЖАМАҒАТЫМЕН ЖҮЗДЕСТІ
27 тамыз, 2018 жыл 191 Басып шығару нұсқасы

 

Жұма күні Алматы Орталық мешітінің бас имамы, Еркінбек қари Керімбекұлы Медеу ауданы, «Думан» ықшам ауданына қарасты «Райымбек» мешіті жамағатымен жүздесті.

Бас имам мешіттің ауласын аралап, дәретханасы мен жаңадан салынып жатқан қосалқы бөлмелерін көрді. Дәрісхана мен шәкірттерге арналған жатақханамен танысты. Бәріне оң бағасын беріп, мешіт қызметкерлеріне өзінің тиісті тапсырмаларын жүктеді.

Сондай-ақ, «Білім алу – әрбір мұсылманға парыз» тақырыбында жұма уағызын жүргізді.

Бас имам:

«Білім алудың діндегі орны өте үлкен. Білім алу – әрбір мұсылман ер мен әрбір мұсылман әйелге парыз екені бәрімізге белгілі. Адам баласын ізгілік пен терең ойға жетелеуші болған Құран Кәрім де Алла тарапынан пайғамбарымызға ең алғаш «оқы» деп түсе бастаған. Ислам – әрбір адамды оқуға үндейтін ғылым діні. Қазіргі таңдағы қарыштап дамыған сан-салалы ғылымдардың бастауында мұсылман ғалымдары тұр. Бұл олардың асыл дініміздің «оқы» деген әмірін мүлтіксіз орындағандарын білдіреді. Сондықтан әрбір мұсылман адам қазақ атамыздың «Оқусыз – білім жоқ, білімсіз күнің жоқ», «Білімдінің күні – жарық, білімсіздің күні – ғәріп» деген нақыл сөздерінен тәлім ала білгендері жөн», – деп өз ойын сабақтады.

Кездесу соңында ақсақалдар бата беріп, дұға етті.

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    Жоғары