Тілдік нұсқа
Радио
СЕРІКБАЙ ҚАЖЫ ОРАЗ
1975 жылы  12-сәуірде дүниеге келген.  Білімі: 1990-1992 жылдары Ташкент қаласында қарилар дайындайтын медресені тамамдаған. 1992-1994 жылдары Мысырдағы Аль-Азһар университетінде оқыған.1995-1996 жылдары Исламабадтағы Әлемдік университетінде білім көтерген. Алматы мемлекеттік Абай атындағы университетінде заң факультетін сырттай бітірген. 2012-2014 жылдары М.Дулатов атындағы Қостанай инженерлік-экономикалық ...
Астанада діни бірлестік өкілдерінің арасында спартакиада өтті
28 тамыз, 2018 жыл 138 Басып шығару нұсқасы

Діни бірлестік өкілдерінің арасында спартакиада өтті, деп хабарлайды ummet.kz тілшісі.

Ағымдағы жылдың 26 тамызында Астанадағы  Қ.Мұнайтпасов атындағы стадионда  діни бірлестік өкілдерінің қатысуымен «Спорттық денсаулық - күшті ел» атауымен спартакиада өтті. Спорттық шара Қазақстан Республикасы Конституциясы күніне орай және Қазақстанның діни бірлестіктері өкілдерінің Жиыны аясында ұйымдастырылды.

Спартакиаданың ашылуында ҚР Қоғамдық даму министрлігінің Қоғамдық келісім комитетінің төрағасының м.а Еркін Оңғарбаев, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының наиб-мүфтиі Алау Әділбаев және Қазақстанның Православие Шіркеуінің  өкілі, иерей Андрей Парфенов  қатысушылар алдында сөз сөйледі.

Спартакиада ойындары бағдарламасының аясында ерлер арасында  2000 метрге жүгіру,  ұзындыққа секіру, граната лақтыру сияқты спорт түрлері бойынша  Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының өкілдері бірінші орынды иеленді.  Атап айтқанда, «Ерлер арасында 2000 метрге жүгізу» номинациясы бойынша І орынды Алпысбаев Алмас, «Ұзындыққа секіру» аталымы бойынша І орынды Акимов Алмаз, «Турникке тартылу» аталымы бойынша І орынды Нұрсұлтан Әшірбаев, «Граната лақтыру аталымы бойынша ІІ  орынды Аманкелді Рысбаев иеленді.

Бұдан бөлек,  сайысқа қатысқан ҚР Әлеуметтік даму министрлігінің, Дін мәселелері жөніндегі ғылыми-зерттеу және талдау орталығының, Астана қаласындағы Жетінші күн адвентистерінің жергілікті шіркеуінің өкілдері жүлделі орындарға ие болды.

Әйелдер арасындағы жарыста Астана қаласы әкімдігінің  Дін мәселелерін зерттеу орталығының қызметкерлері граната лақтыру және арқада жатып кеудесін көтеру сияқты спорт түрлері бойынша сайыстарда  үздік  атанды. 1000 метрге жүгіру және ұзындыққа секіру бойынша өткен бәсекеде  Астанадағы Жетінші күн адвентисттерінің жергілікті шіркеуі және Мәдениеттер мен діндердің халықаралық орталығы жеңімпаз атанды.  

Тұтастай алғанда сайыс  көтеріңкі көңіл күй мен достық қарым-қатынаста өтті. Сайыс қорытындысы бойынша жеңімпаздар мен жүлдегерлерге арнайы дипломдар мен естелік сыйлықтар табысталды.

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    Жоғары