Тілдік нұсқа
Радио
СЕРІКБАЙ ҚАЖЫ ОРАЗ
1975 жылы  12-сәуірде дүниеге келген.  Білімі: 1990-1992 жылдары Ташкент қаласында қарилар дайындайтын медресені тамамдаған. 1992-1994 жылдары Мысырдағы Аль-Азһар университетінде оқыған.1995-1996 жылдары Исламабадтағы Әлемдік университетінде білім көтерген. Алматы мемлекеттік Абай атындағы университетінде заң факультетін сырттай бітірген. 2012-2014 жылдары М.Дулатов атындағы Қостанай инженерлік-экономикалық ...
АСТАНА: Құрбан айттағы қайырымдылық қорытындысы
29 тамыз, 2018 жыл 185 Басып шығару нұсқасы

Елордада Құрбан айт мерекесі жоғары деңгейде өтті, деп хабарлайды ummet.kz тілшісі.

Құрбан айт мерекесі –  Алла разылығына себеп болатын салихалы амалдар мен сауапты жұмыстар жасайтын мейрам.

Астана қаласы Құрбан айттың тағы бір ерекше тұсы –  айт күндеріндегі қайрымдылық шаралары. Аталған мереке күндері Алла Елшісінің (с.ғ.с.) өсиетінен өнеге алған қайырымды жандар құрбандық еттерінен мұқтаж жандарға үлестіру арқылы оларға мерекелік көңіл-күй сыйлайды.   

Соған орай биыл Астана қаласы бойынша Құрбан айт мерекесі жоғары деңгейде өтті.

ҚМДБ-ның Астана қалалық өкілдігі жəне Республикалық Əзірет Сұлтан мешітінің  ұйымдастыруымен бірқатар қайырымдылық іс-шаралары ұйымдастырылды. Сонымен қатар айт күндері Елорда әкімдігі тарапынан құрбан шалуға рұқсат етілген 7 орында құрбандық рәсімдері орындалды. Әрбір мешітте «Жетеудің бірі бол да, Раббың үшін құрбан шал» атты қайырымдылық іс-шаралары ұйымдастырылды. Акция аясында жиналған құрбандық еттері қарттар, жетімдер үйі, түзету мекемелері, зағип балалар үйі жəне  көпбалалы, әлеуметтік жағынан аз қамтылған отбасыларға, т.б. мұқтаж жандарға үлестірілді.

Айт күндері Астана мешіттерінің ұйымдастыруымен 74 ірі қара мал, 135 қой құрбандыққа шалынды. Жалпы саны 23 тонна 848 кг ет, 2981 отбасы мен қоғамдық жəне қоғамдық емес 12 ұйымға өтініш бойынша үлестіріліп берілді.

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    Жоғары