Тілдік нұсқа
Радио
СЕРІКБАЙ ҚАЖЫ ОРАЗ
1975 жылы  12-сәуірде дүниеге келген.  Білімі: 1990-1992 жылдары Ташкент қаласында қарилар дайындайтын медресені тамамдаған. 1992-1994 жылдары Мысырдағы Аль-Азһар университетінде оқыған.1995-1996 жылдары Исламабадтағы Әлемдік университетінде білім көтерген. Алматы мемлекеттік Абай атындағы университетінде заң факультетін сырттай бітірген. 2012-2014 жылдары М.Дулатов атындағы Қостанай инженерлік-экономикалық ...
Ақтөбе өкілдігі ЖАНТ жиналысын өткізді
30 тамыз, 2018 жыл 182 Басып шығару нұсқасы

Бүгін Ақтөбе өкілдігі қала және аудан бас имамдарының қатысуымен ЖАНТ жиналысын өткізді.

Жиналыс барысында өкіл имам Төлеби Оспан ЖАНТ жұмысын жетілдіру жолдарына тоқтала келе, әсіресе, аудан, ауылдық елдімекендерде көптеп кездесулер ұйымдастыру керектігін айтты. Жуырда бұл бағытта Байғанин, Ырғыз, Хромтау, Мәртөк, секілді бірқатар аудандарда түсіндіру жұмыстары жүргізілген болатын. Сондай-ақ, ЖАНТ-тың жыл басында бекітілген жұмыс жоспарына сәйкес атқарылып жатырған іс-шаралар реті пысықталды.

Күн тәртібінде қаралған кезекті мәселе – имамдардың діни басқарма бекіткен төрт бағыт аясында есеп беруі. Соның ішінде, уағыз-насихат, жат ағыммен жұмыс бағытындағы жалпы және жеке кездесулердің, қайырымдылық, сауат ашу, сондай-ақ, ЖАНТ жұмысының апталық, айлық есептерінің уақытылы тапсырылуы талап етілді. Сондай-ақ, басылымдарға жазылу науқанына атсалысу, «Ислам және өркениет» газеті, «Иман» журналы секілді діни басылымдарды халық арасында кеңірек насихаттау керектігі айтылды.

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    Жоғары