Қарағанды 13:07 Бесін
  • 07:18 Таң
  • 08:53 Күн
  • 13:07 Бесін
  • 15:26 Екінті
  • 17:12 Шам
  • 18:46 Құптан
  • Астана
  • Атбасар
  • Көкшетау
  • Степногорск
  • Ақтөбе
  • Хромтау
  • Қандыағаш
  • Шалқар
  • Алматы
  • Жаркент
  • Қапшағай
  • Сарыөзек
  • Талдықорған
  • Үшарал
  • Атырау
  • Құлсары
  • Мақат
  • Миялы
  • Аягөз
  • Өскемен
  • Риддер
  • Семей
  • Жаңатас
  • Қаратау
  • Тараз
  • Балқаш
  • Жәйрем
  • Жезқазған
  • Қарағанды
  • Сәтбаев
  • Арқалық
  • Қостанай
  • Рудный
  • Арал
  • Байқоңыр
  • Қазалы
  • Қызылорда
  • Ақтау
  • Бейнеу
  • Форт-Шевченко
  • Жаңаөзен
  • Петропавл
  • Екібастұз
  • Павлодар
  • Жетісай
  • Сарыағаш
  • Шардара
  • Шымкент
  • Түркістан
  • Ақсай
  • Чапаев
  • Жаңақала
  • Жәнібек
  • Орал
  • Сайқын
  • Радио
  • Кіру
Маямеров Ержан Малғажыұлы
1972 жылы 16 желтоқсанда Алматы қаласында дүниеге келген. 1990 жылы Шығыс Қазақстан облысының Мақаншы ауылындағы Ғани Мұратбаев атындағы орта мектепті тәмамдаған; 1991-1992 жылдары Отан алдындағы әскери борышын өтеп келген соң, сол жылы Мысырдағы әлем мұсылмандарының әйгілі Әл-Азһар Ислам университетінің шариғат ...

Серікхан Рымханұлы: МИҒРАЖ – ҰЛЫ МҰҒЖИЗА

Құдіреті күшті Тәңіріміздің әлем жаратылғалы болмаған, еш қайталанбас ерекше оқиғасы – миғраж

Бұл оқиға ақылмен ойлаған адамның санасына сыймайтын сенгісіз, тек иман тұрғысынан қараған пендеге қияметке дейін жалғасатын таңғаларлық ұлы мұғжиза. Миғраж оқиғасы көптеген мұсылмандардың иман дәрежесін ең жоғарғы деңгейге көтерететін үлкен сабақ болса, ал кейбіреулеріне үлкен сынақ болды.

Шынында да, миғраж оқиғасы қияметке дейін жалғасатын мұсылмандар үшін мақтанышпен айтып жүретін ұлы нығыметтерге толы сапар еді.

Миғраж оқиғасы Пайғамбарымыздың (ﷺ) жер бетіндегі ең қасиетті мекен Харам мешітінен үшінші киелі саналатын орын Ақса мешітіне барып, сол жерден жеті қат көкке көтерілген сапары. Ұлы сапар милади жыл санауы бойынша 621 жылы Ережеп айының 26-сынан 27-сіне қараған түні (2016 жылы мамыр айының 3-нен 4-не қараған түні - Миғраж түні) Пайғамбарымыздың (ﷺ) Медине қаласына һижрат етуден он сегіз ай бұрын болған. 

Ұлы құдірет иесі Алла Тағаладан Пайғамбарымызға (ﷺ) және оның үмбеттеріне берілген шексіз мейірімі еді. Бұл уақыттарда  Алла Елшісінің  (ﷺ) жанашыр көкесі Әбу Тәліппен сүйікті жары Хадиша анамыздың дүниеден озып, көңілі құлазып жүрген кезі болатын. Осы сапар Пайғамбарымызға (ﷺ) көңіліне медеу болатындай үлкен жұбаныш болды. Екіншіден мұсылмандар үшін миғраж оқиғасында жәннаттың кілті саналатын бес уақыт намаз осы парыз етілді. Сонымен қатар тылсым ілім саналатын жаннатпен тозақ та көрсетілді. Расында Алла Тағаланың жәннатпен тозақты көрсетуі пенделерінің алдын ала хабардар етіп жәннатқа қол жеткізіп, тозақтан аулақ болуы үшін ескерту ретінде көрсетілген сүйіспеншілігі еді. Сондай-ақ «Бақара» сүресінің соңғы үш аятымен қоса, Аллаға серік қоспаған пендесінің жұмаққа  баратындығын сүйіншілеген.

Алла Тағала миғраж оқиғасы туралы Құран Кәрімде:

سُبْحَانَ الَّذِي أَسْرَى بِعَبْدِهِ لَيْلًا مِنَ الْمَسْجِدِ الْحَرَامِ إِلَى الْمَسْجِدِ الْأَقْصَى الَّذِي بَارَكْنَا حَوْلَهُ لِنُرِيَهُ مِنْ آَيَاتِنَا إِنَّه هُوَ السَّمِيعُ الْبَصِيرُ

«Пендесін бір түні оған белгілерімізді көрсету үшін Харам мешітінен біз айналасын мүбәрак қылған Ақса мешітіне (исра жасатып) апарған Алла Тағала әр түрлі кемшіліктен пәк. Шәксіз Ол естуші, білуші», - делінген. («Исра»  сүресі, 1-аят)

Пайғамбарымыздың (ﷺ) ұлы сапарға шығуы ешқандай күмәнсіз. Алайда Пайғамбарымыздың (ﷺ) миғражға денесімен немесе рухының көтерілгендігі туралы ғалымдар арасында әртүрлі көзқарастар бар. Біз Пайғамбарымыздың (ﷺ) өңінде денесімен, әрі рухымен жасалған сапары екендігіне шүбә келтірмейміз. Миғраж оқиғасы турасында имам Бұхари риуаятында Әнас ибн Мәлік (р.а.), Мәлік ибн Саъадан (р.а) Пайғамбарымыз (ﷺ): «Мен үйде ұйқылы ояулы болғанымда хикметпен иманмен толы алтыннан жасалған ыдыспен алып келініп, алқымнан ішімнің төменгі жеріне дейін ашып сосын зәмзәм суымен ішім тазаланды, сосын хикметпен иманмен толтырылды. Жәбірәйіл (ғ.с) маған аппақ бурақ (пырақ) деген жануарды алып келді. Пырақ есектен биік, қашырдан аласа, (Имам Мүсілімнің риуаятында – қадамын көз ұшы жететін жерге тастайтын жүйрік жануар). Оған мініп, Жәбірәйіл (ғ.с) екеуіміз Бәйтул-Мақдиске келіп оны Пайғамбарлар байлайтын жерге байладым, сосын мешітке кірдім де екі рәкат намаз оқып шықтым. Маған Жәбірәйіл (ғ.с) бірінші ыдысында арақ екінші ыдысында сүт алып келді, мен сүтті таңдадым, (Жәбірәйіл (ғ.с) маған: «Сен фитраны таңдадың» деп айтты). Жәбірәйілмен (ғ.с) бірге жер бетінен көкке көтерілдік. Аспанның бірінші қабатына жеткенде

– Бұл кім деп сұрақ қойылды? Бұл Жәбірәйіл (ғ.с.) - деп жауап берді.

– Қасыңдағы жолдасың кім? – деп сұрады періште.

– Мұхаммед (ﷺ), - деп жауап берді.

– Мұхаммедтің (ﷺ) Пайғамбарлық дәуірі басталды ма? - деп сұрады періште.

– Иә! - деп жауап қайырды Жәбірәйіл (ғ.с).

– Қош келдің, Мұхаммед (ﷺ)! - деп сүйіне қақпаны ашып, Пайғамбарды (ﷺ) қарсы алды.

– Бірінші болып қарсымыздан Адам (ғ.с) шықты. Мен оған сәлем бердім. Ол (ғ.с) маған: «Қадірлі Пайғамбар (ﷺ) және перзентім қош келдің», - деп айтты.

Ол жерден аттанып аспанның екінші қабатына жеткенде:

– Бұл кім деп сұрақ қойылды? Бұл Жәбірейіл  (ғ.с.) - деп жауап берді.

– Қасыңдағы жолдасың кім? - деп сұрады періште.

– Мұхаммед (ﷺ), - деп жауап берді.

– Мұхаммедтің (ﷺ) Пайғамбарлық дәуірі басталды ма? - деп сұрады періште.

– Иә! - деп жауап қайырды Жәбірәйіл (ғ.с).

– Қош келдің, Мұхаммед (ﷺ)! - деп сүйсіне қақпаны ашып, Пайғамбарды (ﷺ) қарсы алды.

Хазреті Яһия (ғ.с) мен Иса (ғ.с) пайғамбарлармен кездесіп, ол екеуі (ғ.с) маған: «Қадірлі Пайғамбар (ﷺ) және бауырым қош келдің», - деп айтты.

Аспанның үшінші қабатына келдік.

– Бұл кім деп сұрақ қойылды? Бұл Жәбірейіл ( ғ.с)  - деп жауап берді.

– Қасыңдағы жолдасың кім? - деп сұрады періште.

– Мұхаммед, - деп жауап берді.

– Мұхаммедтің Пайғамбарлық дәуірі басталды ма? - деп сұрады періште.

– Иә! - деп жауап қайырды Жәбірәйіл (ғ.с).

– Қош келдің, Мұхаммед (ﷺ)! - деп сүйіне қақпаны ашып, Пайғамбарды (ﷺ) қарсы алды.

Үшінші аспанда Жүсіп (ғ.с) пайғамбармен кездесіп, ол  маған: «Қадірлі Пайғамбар (ﷺ) және бауырым, қош келдің», - деді.

Төртінші қабатқа беттедік.

– Бұл кім деп сұрақ қойылды? Бұл Жәбірәйіл (ғ.с) - деп жауап берді.

– Қасыңдағы жолдасың кім? - деп сұрады періште.

– Мұхаммед (ﷺ), - деп жауап берді.

– Мұхаммедтің (ﷺ) Пайғамбарлық дәуірі басталды ма? - деп сұрады періште.

– Иә! - деп жауап қайырды Жәбірәйіл (ғ.с).

– Қош келдің, Мұхаммед (ﷺ)! - деп сүйіне қақпаны ашып, Пайғамбарды (ﷺ) қарсы алды.

Төртінші аспанда Ыдырыс (ғ.с) пайғамбармен кездесіп, ол (ғ.с) маған: «Қадірлі Пайғамбар (ﷺ) және бауырым, қош келдің», - деп айтты.

– Одан да жоғары көтеріліп аспанның бесінші қабатына жеттік.

– Бұл кім деп сұрақ қойылды? Бұл Жәбірәйіл (ғ.с)  - деп жауап берді.

– Қасыңдағы жолдасың кім? – деп сұрады періште.

– Мұхаммед (ﷺ), - деп жауап берді.

– Мұхаммедтің (ﷺ) Пайғамбарлық дәуірі басталды ма? - деп сұрады періште.

– Иә! - деп жауап қайырды Жәбірәйіл (ғ.с).

– Қош келдің, Мұхаммед (ﷺ)! - деп сүйіне қақпаны ашып, Пайғамбарды (ﷺ) қарсы алды.

Бесінші аспанда Һарун (ғ.с) пайғамбармен кездесіп, ол (ғ.с) маған: «Қадірлі Пайғамбар (ﷺ) және бауырым қош келдің», - деп айтты.

Аспанның алтыншы қабатына жеттік.

– Бұл кім деп сұрақ қойылды? Бұл Жәбірәйіл, - деп жауап берді.

– Қасыңдағы жолдасың кім? - деп сұрады періште.

– Мұхаммед (ﷺ), - деп жауап берді.

– Мұхаммедтің (ﷺ) Пайғамбарлық дәуірі басталды ма? - деп сұрады періште.

– Иә! - деп жауап қайырды Жәбірәйіл (ғ.с).

– Қош келдің, Мұхаммед (ﷺ)! - деп сүйіне қақпаны ашып, Пайғамбарды (ﷺ) қарсы алды.

Алтыншы қабатта Мұса (ғ.с) Пайғамбармен кездесіп, ол (ғ.с) маған: «қадірлі Пайғамбар және бауырым, қош келдің», - деп айтты. Кетіп бара жатқанымда ол жылады, не нәрсе сені жылатты деп сұрағанда? Ол: «Уа, Раббым жәннатқа кіретін менен кейін жіберілген мына баланың үмбеті менің үмбетімнен абзал (көбірек)».

Аспанның ең соңғы қабатына да келдік.

– Бұл кім деп сұрақ қойылды? Бұл Жәбірәйіл, - деп жауап берді.

– Қасыңдағы жолдасың кім? - деп сұрады періште.

– Мұхаммед (ﷺ), - деп жауап берді.

– Мұхаммедтің (ﷺ) Пайғамбарлық дәуірі басталды ма? - деп сұрады періште.

– Иә! - деп жауап қайырды Жәбірәйіл (ғ.с).

– Қош келдің, Мұхаммед (ﷺ)! - деп сүйіне қақпаны ашып, Пайғамбарды (ﷺ) қарсы алды.

Жетінші қабатта Ибраһим (ғ.с) Пайғамбармен (ﷺ) кездесіп, ол (ғ.с) маған: «Қадірлі Пайғамбар (ﷺ) және перзентім қош келдің», - деп айтты.

Сосын Байтул Мағмурға көтерілдім, Жәбірәйілден (ғ.с): «Бұл не?» - деп сұрадым. Ол «Байтул Мағмур онда күніне жетпіс мың періште намаз оқиды егер ол жерден шықса қиямет күнге дейін оралмайды» деп айтты. Осыдан кейін біз ары өтіп, Сидратул – мунтәһәға да жеттік, ол Алланың құдіретіне белгі болардай, жемісті үлкен ағаш екен. Оның жапырағы пілдің құлағы секілді, түбінде төрт өзен бар екен екеуі ішінде екеуі сыртында. Жәбірәйілден (ғ.с) мұны да сұрадым. Іштегі екеуі жәннатта, ал сырттағы екеуі Ніл мен Фурат өзені. Сосын маған елу намаз парыз етілді, оны қабылдадым. Мұсаға (ғ.с) жеткенімде ол маған: «Не істедің?» дегенде: «Күніне үмбетіме елу рет намаз оқу парыз етілгенін айтнамда ол: «Мен саған қарағанда адамдарды жақсырақ білемін. Шындығында сенің үмбетіңнің бұған шамасы жетпейді. Раббыңа қайтып барып жеңілдік сұра», - деді. Қайта барып жеңілдік сұрағанымда күніне қырық  намазға дейін қысқарды. Алайда, бұл да үмбетіме ауыр келетінін айтқан Мұса (ғ.с.) пайғамбардың  кеңесімен қайтадан Алланың рұқсат сұрай жүріп, соңында күніне 5 ретке дейін қысқартылды. Дегенмен, күніне  бес уақыт оқылатын намаздың сауабы күніне 50 рет оқылатын намаздың сауабына теңестірілді.

Осы ұлы сапар жайында болған оқиғаны елге айта бастағанда көпшілік адамдар бұл оқиғаға сенбеді. Пайғамбарымыздың (ﷺ) сөзін жалғанға шығару үшін сол елді-мекенде болып келген адамдар әртүрлі сұрақтар қойды.Пайғамбарымыз (ﷺ)  сұрақтардың бәріне мүдірмей жауап беріп, тіпті жолда келе жатқан керуен жайында айтып берген болатын. Ал мұсылмандар арасындағы кейбіреуі не айтарын білмей Әбу Бәкірден (р.а.)  келіп сұрағанда: «Егер Мұхаммед (ﷺ)  айтқан болса, ол рас айтқан. Әрине, мен  Оның (ﷺ) айтқандарына шүбәсәз сенемәін»,-деп жауап береді.

Миғраж оқиғасына сену әрбір мұсылманға міндет. Миғраж оқиғасы қызықты да әрі ауқымды тақырып. Аттахият дұғасында осы миғражға көтерілгенде Алла Тағаламен Пайғамбарымыздың (ﷺ) тілдескені намазда оқуымыз уәжіп болды.  

Миғраж оқиғасында нәсіп болған дініміздің тірегі болған намаз екі дүние бақытына жеткізетін ғибадат. Жәннат және тозақ туралы айта бастасаң кейбір адамдар: «О дүниеге кім барып келген?» деген сынды күмәнді сұрақтарын қойып жатады. Пайғамбарымыздың (ﷺ) миғражда жәннатты көруі, ондағы барлық оқиғаларды баяндап беруі және тозақты да көріп ондағы азап шегіп жатқан жандар жайлы айтуы   иман еткен жандар үшін жеткілікті. Алла Тағала сүйіншілеген жәннатына кіріп, ескерткен тозақ отынан аулақ болуды баршамызға нәсіп етсін. 

Ахмадиев Серікхан Рымханұлы
ҚМДБ Талдықорған өңірі бойынша өкіл имамы.

Пікірлер
Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    07 желтоқсан 2016 жыл АЛМАТЫДА МӘУЛІТ КЕШІ ӨТЕДІ
    © 2009-2017, Қарағанды облыстық мешіті Сайт материалдарын қолдану үшін
    © 2016 Разработка и поддержка Creatida Ғаламтор компаниясы
    Яндекс.Метрика