Тілдік нұсқа
Радио
СЕРІКБАЙ ҚАЖЫ ОРАЗ
1975 жылы  12-сәуірде дүниеге келген.  Білімі: 1990-1992 жылдары Ташкент қаласында қарилар дайындайтын медресені тамамдаған. 1992-1994 жылдары Мысырдағы Аль-Азһар университетінде оқыған.1995-1996 жылдары Исламабадтағы Әлемдік университетінде білім көтерген. Алматы мемлекеттік Абай атындағы университетінде заң факультетін сырттай бітірген. 2012-2014 жылдары М.Дулатов атындағы Қостанай инженерлік-экономикалық ...
ҚЫЗЫЛОРДА: «АРАБ ТІЛІ» ОРТАЛЫҒЫНЫҢ АЛҒАШҚЫ ШӘКІРТТЕРІНЕ СЕРТИФИКАТ ТАБЫСТАЛДЫ
01 қыркүйек, 2018 жыл 140 Басып шығару нұсқасы

Бүгін «Ақмешіт-Сырдария» орталық мешіті жанындағы «Араб тілі» орталығының шәкірттеріне ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша Өкіл имамы атынан тағайындалған сертификат табысталды.

Бұдан бұрын, Сыр өңірінің Бас мешітінде тұңғыш рет мешіт жанынан «Араб тілі» орталығы ашылғанын хабарлаған едік. Бүгінде, аталмыш орталықта жиырма бес шәкірт ұстаздан араб тілінің қыр-сырын үйреніп, тілді жетік меңгеру жолында білім алуда. Шәкірттердің үлкені 60-ты алқымдаған аналарымыз болса, ең кішісі 8 жасар Аружан.

ҚМДБ Қоғаммен байланыс және насихат бөлімі, «Әйелдер-қыздар» секторының жетекшісі Л.Сыдықова мен «Ақмешіт-Сырдария» орталық мешітінің ұстазы Н.Ахметова шәкірттерден емтихан қабылдап, білімін тексерген соң, «Араб тіліне алғашқы қадам» курсын үздік тәмамдаған он екі шәкіртке келесі кезеңге жолдама берді.

«Араб тілі – оңай тіл емес. Пайғамбарымыздың хадис шәрифінде айтылғандай, тәкаппар адам мен ұлшақ адам білімнен мақрұм қалады. Тал бесіктен жер бесікке дейін білім алу баршамызға - парыз. Алдағы уақтытта тілді толық меңгеріп шығатындарыңызға сенімдімін! Алла Тағала зейіндеріңізді ашсын!»- деп, ізгі тілегін білдірген Өкіл имам Болатбек қажы Ұласқанұлы шәкірттерді сертификатпен марапаттады.

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    Жоғары