Тілдік нұсқа
Радио
СЕРІКБАЙ ҚАЖЫ ОРАЗ
1975 жылы  12-сәуірде дүниеге келген.  Білімі: 1990-1992 жылдары Ташкент қаласында қарилар дайындайтын медресені тамамдаған. 1992-1994 жылдары Мысырдағы Аль-Азһар университетінде оқыған.1995-1996 жылдары Исламабадтағы Әлемдік университетінде білім көтерген. Алматы мемлекеттік Абай атындағы университетінде заң факультетін сырттай бітірген. 2012-2014 жылдары М.Дулатов атындағы Қостанай инженерлік-экономикалық ...
Астанада отандық халал аяқкиім өндірісі пайда болды
04 қыркүйек, 2018 жыл 227 Басып шығару нұсқасы

Отандық аяқкиім өндірісіне тағы бір кәсіпкер қосылды, деп хабарлайды kapital.kz сайтына сілтеме жасаған ummet.kz тілшісі.

Жас кәсіпкер Дастан Махамбетов досымен және бауырымен бірлесіп бірнеше жыл бұрын Z-shoes компаниясын құрған болатын. Қазірде Астана маңында орналасқан фабрикада күніне әйел және ер азаматтарға арналған 800 жұп аяқкиім тігілуде.

Өндірістің бір ерекшелігі халал технологиясын қолдануында. Дастан Махамбетовтың айтуынша, олар кәсіптерін Ислам дінінің ұстанымдарына сай жүргізуде. Яғни өндірісте доңыздың, иттің, жыланның, кесірткелердің және басқа да бауырымен жорғалаушылардың терісін қолданбайды. Тек бұзау, ешкі және қой терісі қолданылады. Компанияның тағы бір ерекшелігі – тұтынушыларға тікелей шығуында, яғни ортада делдалдардың болмауы өнімді халыққа тиімді бағамен сатуға мүмкіндік беріп отыр. Ал, үшінші ерекшелігі – егер тұтынушының тауарға көңілі толмаса немесе өндірістік дефектілер болған жағдайда өнімді кері қайтарып, ақшасын алуға жағдай жасалғандығы.

«Мысалы, аяқкиімнің ішкі жағына ешкінің терісі қолданылады. Өте қымбат тері болғандықтан көптеген өндіріс орындарының оған шамасы жете бермейді. Оның бояуы аяққа жұқпайды, аяғыңызды терлетпейді яғни сапасы өте жоғары. Отандық өнім, Шымкент қаласынан алдырамыз. Тіпті түркиялық өндірушілердің өзі мұндай сапалы терімен қамтамасыз ете алмайды. Бұл біздің жетістігіміз», - деді халал технологиямен аяқкиім тігетін фабриканың құрушысы Дастан Махамбетов.

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    Жоғары