Тілдік нұсқа
Радио
СЕРІКБАЙ ҚАЖЫ ОРАЗ
1975 жылы  12-сәуірде дүниеге келген.  Білімі: 1990-1992 жылдары Ташкент қаласында қарилар дайындайтын медресені тамамдаған. 1992-1994 жылдары Мысырдағы Аль-Азһар университетінде оқыған.1995-1996 жылдары Исламабадтағы Әлемдік университетінде білім көтерген. Алматы мемлекеттік Абай атындағы университетінде заң факультетін сырттай бітірген. 2012-2014 жылдары М.Дулатов атындағы Қостанай инженерлік-экономикалық ...
Қазақстандық оқушы Қытайдағы байқауда жеңіске жетті
05 қыркүйек, 2018 жыл 109 Басып шығару нұсқасы

16 жастағы алматылық өнертапқыш көзі нашар көретін жандарға арнап қосымша ойлап тапқан

Енді көзі нашар көретін жандар кез келген мәтінді оңай оқи алады. Назарбаев зияткерлік мектебінде оқитын Любовь Дудченко арнайы қосымша ойлап тапты.

16 жастағы өнертапқыштың жобасы Қытайда жасөспірімдер арасында өткен ғылыми-техникалық байқауда жүлделі орынға ие болды. 

"Қосымшаның жұмыс істеу принципі өте қарапайым", – дейді Любовь. 

Оның көмегімен кез келген терілген мәтін дыбыстық жазбаға немесе брайль таңбасына ауысады. Әлемде мұндай бағдарламалар бар. Алайда Любаның жобасы пайдалану қарапайымдылығымен ерекше. Сондықтан оны шетелде жоғары бағалаған, деп хабарлайды 24.kz. 

"Болашақта жаңа технологиялар жасаумен айналысқым келеді. Бәлкім өз компаниямды ашатын шығармын. Жобаларым мүмкіндігі шектеулі жандарға арналады. Оларға заманауи технологияның көмегімен көмектескім келеді",- дейді ол. 

Дәнекерлеуші аспап пен мультиөлшегіш – робот жасаудағы негізгі құралдар. Олармен жұмыс істеуді меңгерген жасөспірім құрылғының техникалық бөлігіне жауапты. Ал жобаны таныстыру – Селимжан Чалышканның міндеті. 

"Жобамен күні-түні айналысатын кездер болады. Ондайда маңызды мәселелерді де екінші орынға ысырып қоямыз. Жұмысың нәтижелі болу үшін оған жан-тәніңмен беріліп істеу керек", — дейді Назарбаев зияткерлік мектебінің оқушысы Чалышкан.

Болашақты бүгіннен бастап жоспарлау керек деп санайтын Любовь Дудченконың инновациялық қоржынында ондаған идея мен дайын жобалар бар. 

Қазір ол телефонға арналған жаңа қосымша жасаумен айналысып жүр.

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    Жоғары