Тілдік нұсқа
Радио
СЕРІКБАЙ ҚАЖЫ ОРАЗ
1975 жылы  12-сәуірде дүниеге келген.  Білімі: 1990-1992 жылдары Ташкент қаласында қарилар дайындайтын медресені тамамдаған. 1992-1994 жылдары Мысырдағы Аль-Азһар университетінде оқыған.1995-1996 жылдары Исламабадтағы Әлемдік университетінде білім көтерген. Алматы мемлекеттік Абай атындағы университетінде заң факультетін сырттай бітірген. 2012-2014 жылдары М.Дулатов атындағы Қостанай инженерлік-экономикалық ...
НАИБ МҮФТИ АСТАНАДА ЖҰМА УАҒЫЗЫН АЙТТЫ (ФОТО)
07 қыркүйек, 2018 жыл 89 Басып шығару нұсқасы

Бүгін, қасиетті жұма күні Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төраға орынбасары, наиб мүфти Бауыржан қажы Әбдірашұлы «Нұр Астана» мешітінде «Заманауи мұсылман келбеті» тақырыбында жиналған жамағатқа уағыз айтты.

Наиб мүфти өз уағызында қазіргі мұсылманның келбеті, мінез-құлқы, білімі, қоршаған ортамен қарым-қатынасы жайлы сөз қозғады.

«Расында, қазір біздің қоғамға озық ойлы, интеллектуалды, жан-жақты білімді меңгерген, адамдармен тез тіл табыса алатын мұсылман қажет. Біз, мұсылман қауымы өз саламыз бойынша еліміздің игілігі үшін аянбай қызмет етсек, мемлекетіміз дами түседі. Имандылық жолына түсу – қоғамнан бөліну деген сөз емес. Керісінше, имандылыққа бет бұрған тұлға сөзі мен ісі арқылы көпшілікке үлгі болып, өзі қызмет ететін саланың майталман маманы болуы ләзім. Бүгінде әлемдік қауымдастықта не үшін мұсылман үмбеті артта қалып келеді? Міне, осы мәселе баршамызды толғандыруы керек. Ол үшін әр мұсылман терең білім алуы тиіс», – деп атап өтті Бауыржан Әбдірашұлы.

Уағыз соңында Б.Есмахан ҚМДБ жанындағы Қажылық миссиясының жұмысы жайлы айтып, әр мұсылманға қажылық нәсіп болуын тіледі.

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    Жоғары