Тілдік нұсқа
Радио
СЕРІКБАЙ ҚАЖЫ ОРАЗ
1975 жылы  12-сәуірде дүниеге келген.  Білімі: 1990-1992 жылдары Ташкент қаласында қарилар дайындайтын медресені тамамдаған. 1992-1994 жылдары Мысырдағы Аль-Азһар университетінде оқыған.1995-1996 жылдары Исламабадтағы Әлемдік университетінде білім көтерген. Алматы мемлекеттік Абай атындағы университетінде заң факультетін сырттай бітірген. 2012-2014 жылдары М.Дулатов атындағы Қостанай инженерлік-экономикалық ...
БАС МҮФТИ БІШКЕКТЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯҒА ҚАТЫСТЫ (ФОТО)
13 қыркүйек, 2018 жыл 122 Басып шығару нұсқасы

Бүгін Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Серікбай қажы Ораз Қырғызстан астанасы Бішкек қаласында өткен «Рухани Жібек жолы. Ұлы гуманистік салттар мен қазіргі сын-қатерлер» атты халықаралық конференция жұмысына қатысты.

Сонымен қатар, халықаралық діни-ғылыми басқосуға Ресей мүфтилер кеңесінің төрағасы Равиль Гайнутдин, Өзбекстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Османхан қажы Алимов, Тәжікстан Республикасының Ғұламалар кеңесінің төрағасы, мүфти Саидмукаррам Абдукодирзода, Қырғызстан Республикасы мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, мүфти  Мақсатбек қажы Тоқтомушев, т.б. мемлекеттік мекемелердің басшылары мен сарапшы ғалымдар, дін қызметкерлері қатысты.

Пленарлық отырыста сөз алған Серікбай қажы Сатыбалдыұлы: «Адамзат тарихында ерекше орын алатын Ұлы Жібек жолы әртүрлі елдер мен ұлттардың мәдениеті мен өркениетін дамытуға ықпал етті. Ұлы Жібек жолының біраз бөлігі Еуропа мен Азияның белортасында тұрған Қазақстан арқылы өтті. Қазақ даласында Фараб, Исфиджаб (Сайрам), Сығанақ, Сауран, Сарайшық сынды қалалар бой көтерді. Қазақ топырағынан шыққан Әбу Насыр әл-Фараби, Жүсіп Баласағұни, Махмұд Қашғари, Қожа Ахмет Яссауи сынды ғұламалар Ислам өркениетіне үлес қосты», – деп атап өтті.

Бас мүфти өз баяндамасында Астанада әр үш жыл сайын өтетін Әлемдік және дәстүрлі дін лидерлері съезінің діни татулық пен өзара келісімді нығайтуға қосқан үлесін тілге тиек етті.

Сонымен қатар, ҚМДБ төрағасы С.Ораз «Рухани Жібек жолы» халықаралық конференцияның кезекті басқосуын Астанада өткізуді ұсынды.

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    Жоғары