Тілдік нұсқа
Радио
СЕРІКБАЙ ҚАЖЫ ОРАЗ
1975 жылы  12-сәуірде дүниеге келген.  Білімі: 1990-1992 жылдары Ташкент қаласында қарилар дайындайтын медресені тамамдаған. 1992-1994 жылдары Мысырдағы Аль-Азһар университетінде оқыған.1995-1996 жылдары Исламабадтағы Әлемдік университетінде білім көтерген. Алматы мемлекеттік Абай атындағы университетінде заң факультетін сырттай бітірген. 2012-2014 жылдары М.Дулатов атындағы Қостанай инженерлік-экономикалық ...
Мемлекеттік елтаңбадағы жазба өзгертілді 
13 қыркүйек, 2018 жыл 107 Басып шығару нұсқасы

Еліміздің елтаңбасының жаңартылған нұсқасында QAZAQSTAN сөзі қолданылады. Бұл туралы ҚР Инвестициялар және даму министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитетінің өкілдері айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

2018 жылдың 12 қыркүйегінде Техникалық реттеу және метрология комитетінің төрағасы Арман Шаққалиев пен мемлекеттік елтаңбаның авторы Жандарбек Мәлібековтің және "Қазақстан стандарттау және сертификаттау институты" РМК өкілдерінің қатысуымен жиын өтті. Жиын нәтижесі бойынша "Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы. Техникалық жағдайлар" заңына өзгертеулер енгізу туралы шешім мақұлданды.

"Осылайша, "Қазақстан" сөзі өзгертіліп, мәтін латын графикасында жазылатын болды - "QAZAQSTAN", - деп хабарлады ведомствоның баспасөз хатшысы Еркема Мұхтар. 

Сондай-ақ, ҚР Мемлекеттік елтаңбасының авторы Жандарбек Мәлібековтің елтаңбаның тарихы мен құрылымы жайлы сипаттаған әдістемесіне сілтеме қойылды. 

Айта кетейік, мұндай өзгерістер Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың "Қазақ тілі әліпбиін кириллицадан латын графикасына көшіру туралы" жарлығына сәйкес енгізіліп отыр. 

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    Жоғары