Тілдік нұсқа
Радио
СЕРІКБАЙ ҚАЖЫ ОРАЗ
1975 жылы  12-сәуірде дүниеге келген.  Білімі: 1990-1992 жылдары Ташкент қаласында қарилар дайындайтын медресені тамамдаған. 1992-1994 жылдары Мысырдағы Аль-Азһар университетінде оқыған.1995-1996 жылдары Исламабадтағы Әлемдік университетінде білім көтерген. Алматы мемлекеттік Абай атындағы университетінде заң факультетін сырттай бітірген. 2012-2014 жылдары М.Дулатов атындағы Қостанай инженерлік-экономикалық ...
БАС МҮФТИ ҚЫРҒЫЗСТАН ПРЕЗИДЕНТІМЕН КЕЗДЕСТІ (ФОТО)
14 қыркүйек, 2018 жыл 147 Басып шығару нұсқасы

Бүгін Қырғызстан Президенті Сооронбай Жээнбеков Бішкекте өткен "Рухани Жібек жолы" халықаралық конференцияға қатысқан Қазақстан, Ресей, Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан, Қытай, Эстония елдерінің Бас мүфтилерін қабылдады.
Кездесуде қырғыз басшысы "Рухани Жібек жолы" халықаралық конференцияның маңыздылығын атап өтті.

"Бір мезетте бірнеше елдің Бас мүфтилерінің келуі - біздің мемлекетіміздің қоғамдық, мәдени һəм рухани өмірінде елеулі оқиға", - деді Сооронбай Жээнбеков.

Басқосуда дін қайраткерлері арнайы қабылдау жасаған қырғыз басшысына шынайы алғысы мен ризашылығын білдіріп, 2019 жылы "Рухани Жібек жолы" конференциясы Қазақстанда өтетінін жеткізді.

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    Жоғары