Тілдік нұсқа
Радио
СЕРІКБАЙ ҚАЖЫ ОРАЗ
1975 жылы  12-сәуірде дүниеге келген.  Білімі: 1990-1992 жылдары Ташкент қаласында қарилар дайындайтын медресені тамамдаған. 1992-1994 жылдары Мысырдағы Аль-Азһар университетінде оқыған.1995-1996 жылдары Исламабадтағы Әлемдік университетінде білім көтерген. Алматы мемлекеттік Абай атындағы университетінде заң факультетін сырттай бітірген. 2012-2014 жылдары М.Дулатов атындағы Қостанай инженерлік-экономикалық ...
Шығыста «Тазалық айлығы» жарияланды (ФОТО)
17 қыркүйек, 2018 жыл 155 Басып шығару нұсқасы

Дінімізде «Тазалық-иманның жартысы» деген пайғамбарымыздың ﷺ хадисі бар. ҚМДБ Өскемен аймағы өкілдігі өңір бойынша барлық мешіттерге «Тазалық айлығын» жариялады.

Шығыс Қазақстан облыстық «Халифа Алтай» мешітінің наиб имамы Дәулет Қабидолдин:

«Ауылдық, аудандық, қалалық мешіттердің сыртқы тазалығы аса маңызды. Мешіттің айналасы таза болса келуші жамағатқа да қолайлы болады. Сонымен қатар, мешіттер өз аула тазалығымен, сыртқы көркемдігімен басқаларға үлгі көрсетуі тиіс. Мешіт көрікті көрінсе сол көше, сол ауыл әсем болып тұрады»  деп атап өтті.

Тазалық айлығы 15 қыркүйек пен 13 қазан аралығында жалғасып, әр сенбі сайын мешіттер өз ауласына тазалап, сенбіліктер өткізеді деп жоспарланып отыр. Өскемен аймағына қарасты ауылдық, аудандық, қалалық мешіттер тазалық айлығын бастап кетті.

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    Жоғары