Тілдік нұсқа
Радио
СЕРІКБАЙ ҚАЖЫ ОРАЗ
1975 жылы  12-сәуірде дүниеге келген.  Білімі: 1990-1992 жылдары Ташкент қаласында қарилар дайындайтын медресені тамамдаған. 1992-1994 жылдары Мысырдағы Аль-Азһар университетінде оқыған.1995-1996 жылдары Исламабадтағы Әлемдік университетінде білім көтерген. Алматы мемлекеттік Абай атындағы университетінде заң факультетін сырттай бітірген. 2012-2014 жылдары М.Дулатов атындағы Қостанай инженерлік-экономикалық ...
НҰР-МҮБАРАКТАҒЫ ҚЫЗЫЛОРДАЛЫҚ СТУДЕНТТЕРМЕН ӨТКЕН КЕЛЕЛІ КЕЗДЕСУ
17 қыркүйек, 2018 жыл 106 Басып шығару нұсқасы

Бүгін Сыр өңіріндегі өкіл имам Болатбек Ұласқанұлы Нұр-Мүбарак университетінде  білім алып жатқан Қызылордалық шәкірттермен жүздесіп, жағдайларымен танысып қайтты.

Кездесу барысында өкіл имам университет проректоры Қ.Құрманбаев мырзаны жаңа қызметімен құттықтап, табыс тіледі. Сонымен қатар, Қызылорда облысының әкімі Қ.Елеуұлының шәкірттерге көрсетіп жатқан көмегін ерекше атап өтті.

Кездесу соңында студенттермен тығыз байланыс орнату мақсатында whatsApp мессенджерінде ортақ чат ашылды. Шәкірттер өкіл имамға талап-тілектерін жеткізіп, арнайы келіп қолдау білдіргеніне алғыстарын айтты.

Кезекті іс-сапары барысында Болатбек Ұласқанұлы «Әбу Ханифа» атындағы ғылыми-зерттеу орталығының директоры Ш.Керім мырзамен жүздесіп, болашақта имамдардың біліктілігі мен білімін арттыру мақсатында орталықпен бірлесе жұмыс жасауға уағдаласты.

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    Жоғары