Тілдік нұсқа
Радио
СЕРІКБАЙ ҚАЖЫ ОРАЗ
1975 жылы  12-сәуірде дүниеге келген.  Білімі: 1990-1992 жылдары Ташкент қаласында қарилар дайындайтын медресені тамамдаған. 1992-1994 жылдары Мысырдағы Аль-Азһар университетінде оқыған.1995-1996 жылдары Исламабадтағы Әлемдік университетінде білім көтерген. Алматы мемлекеттік Абай атындағы университетінде заң факультетін сырттай бітірген. 2012-2014 жылдары М.Дулатов атындағы Қостанай инженерлік-экономикалық ...
БҚО: Бөкей-Орда ауданында жаңа имам
18 қыркүйек, 2018 жыл 155 Басып шығару нұсқасы

ҚМДБ төрағасы, Бас мүфти Серікбай қажы Ораздың 17.08.2018 жылғы №1820  бұйрығымен БҚО, Бөкей-Орда  аудандық орталық мешітінің бас имамы болып  Насыров Қуандық  тағайындалды.

Өткен Қасиетті жұмада Бөкей-Орда ауданына арнайы іс-сапармен   Тәжиден Батырұлы атындағы Орал қалалық мешітінің бас имамы Мейрамбек Абдрахманов барып, аудан әкімі Нұрлан Сағынтайұлы қатысуымен өткен отырыста жаңа имам Қуандық Берікұлын таныстырып, өңірдегі діни ахуал тұрақтылығын сақтап, жандандыру жолында бірлесе жұмыс жасауға шақырды.

Кездесу барысында, аймақтағы діни ахуал тұрақтылығы, білікті кадрларды жұмысқа шақыру мәселесі, елдің амандығы мен тыныштығы, мешіт жамағаттары арасындағы бірлік пен ынтымақ  жайында  сөз болды.

Кездесуден кейін  қасиетті  жұмада  Мейрамбек Ақылбекұлы  «Исламдағы туыстық қарым-қатынас»  жайында уағыз айтып,  жаңа имам Қуандық Берікұлын  келген қауымға таныстырып, мешіт жамағаттарымен бірге  намаз оқып, ауданның бас имам қызметін абыроймен атқарған Назымбек  Ерденбекұлына шексіз ризашылығын білдіріп,  имамдылық жолына сәттілік тілеп,  иығына шапан жауып, елдің ақсақалдары ақбатасын берді.

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    Жоғары