Тілдік нұсқа
Радио
СЕРІКБАЙ ҚАЖЫ ОРАЗ
1975 жылы  12-сәуірде дүниеге келген.  Білімі: 1990-1992 жылдары Ташкент қаласында қарилар дайындайтын медресені тамамдаған. 1992-1994 жылдары Мысырдағы Аль-Азһар университетінде оқыған.1995-1996 жылдары Исламабадтағы Әлемдік университетінде білім көтерген. Алматы мемлекеттік Абай атындағы университетінде заң факультетін сырттай бітірген. 2012-2014 жылдары М.Дулатов атындағы Қостанай инженерлік-экономикалық ...
АСТАНА: ШЫМКЕНТТІК ИМАМДАР АСТАНАҒА ІС-САПАРМЕН КЕЛДІ (ФОТО)
21 қыркүйек, 2018 жыл 100 Басып шығару нұсқасы

Бүгін Шымкент қаласы бойынша өкілдігінің бөлім жетекшілері мен бірқатар аудан бас имамдары ҚМДБ төрағасы, Бас мүфти Серікбай қажы Ораз хазреттің тапсырмасымен Астана қаласына іс-сапармен барды.

Іс- сапар мақсаты -  Астана форуымда қабылданған  «ХХІ - ғасырдың үздік зияткер имамы» жобасын дамыту, Шымкент қаласы бойынша өкілдігі мен астана қаласы бойынша өкілдігі арасында әріптестік қарым-қатынасты нығайту, діни жұмыстарды жан-жақты дамыту болып табылады.

Шымкент қаласы бойынша өкіл имам Бақтыбай Бейсенбаевтың бастамасы аясында түрлі салаға жауапты Шымкент қаласы бойынша өкіл имам орынбасарлары Мұхамеджан Естеміров, Әділхан Сертай, Иса Яхяев және «Шымкент медресесі» колледжінің директоры Талғат Әсембай, Әл-Фараби аудандық «Абдул Хамид Қаттани»  мешітінің бас имамы Бақдаулет Абдурахманов, Абай аудандық «Абдурахман» мешітінің бас имамы Қазыбек Сарыбаев, Еңбекші аудандық «Әл-Біләл» мешітінің бас имамы Дәулет Туленов және жастар ісі бөлімінің жетекшісі Азамат Әбдікерімұлы, сайт жетекшісі Абзал Жауһаровтар келді.

Алдымен Астана қаласы бойынша өкілдігі «Нұр Астана» мешітінде болды. ҚМДБ-ның Астана қаласы бойынша өкіл имамы, мешіттің бас имамы  Асқар Мұқанов қабылдап, өкілдік тарапынан жасалып жатқан жұмыстары туралы тәжірибесімен бөлісті.

Осыдан кейін әрбір салаға жауапты «Нұр-Астана»  мешітінің наиб имамдарының деструктивті діни ағымдардың алдын алу мәселелері, жеке кездесулер, уағыз-насихат, зекет, қайырымдылық шаралар мен діни сауат ашу жұмыстары, жастар ісі мен халал ісі бөлімінің атқарып жатқан жұмыстарымен бөлісті.

Айта кету керек, аталмыш ресми шаралар тұңғыш рет ұйымдасытырылып отыр. Алдағы уақытта әріптестік қарым-қатынасты дамыту беру  көзделуде.

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    Жоғары