Тілдік нұсқа
Радио
СЕРІКБАЙ ҚАЖЫ ОРАЗ
1975 жылы  12-сәуірде дүниеге келген.  Білімі: 1990-1992 жылдары Ташкент қаласында қарилар дайындайтын медресені тамамдаған. 1992-1994 жылдары Мысырдағы Аль-Азһар университетінде оқыған.1995-1996 жылдары Исламабадтағы Әлемдік университетінде білім көтерген. Алматы мемлекеттік Абай атындағы университетінде заң факультетін сырттай бітірген. 2012-2014 жылдары М.Дулатов атындағы Қостанай инженерлік-экономикалық ...
Алматыда жастарға арналған мемлекеттік қызмет мектебі ашылды
21 қыркүйек, 2018 жыл 109 Басып шығару нұсқасы

Аталған пилоттық жоба Президенттің «Рухани жаңғыру» бағдарламасында көтерілген «Өзгерістерді өзіңнен баста» деп аталатын идея аясында жүзеге асып отыр. Игі бастамаға ұйытқы болған Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Алматы қаласы бойынша департаменті.

Әзірге арнайы курстан өтуге қаладағы университеттерден отыздан астам студент таңдалған. Оқу үдерісі бірнеше кезеңге бөлінген. Болашақ мемлекеттік қызметкерлерге білікті оқутышылар, танымал қоғам қайраткерлері мен саясаттанушылар дәріс оқитын болады. Жобаның басты мақсаты – кәсіби мемлекеттік қызметкерлердің аппаратын қалыптастыру.

Жарылқасын Сақтаған, студент: - Бұл біз сияқты студенттерге өте керемет мүмкіндік деп ойлаймын. Бұл жерге келуіміздің басты себебі – мемлекеттік қызметтің қыр-сырын үйрену. Оның біз білмейтін қырлары өте көп қой.

Дәурен Бабамұратов, «Жастар үні» жастар қоғамдық бірлестігінің төрағасы: - Алдағы үш айда жастар оқиды. Содан кейін желтоқсанда тиісті сертификаттарын алады. Оқу нәтижесі бойынша оқуға қатысушылардың барлығы мемлекеттік қызметке тест тапсырады. Көпшілік бізде оқитындар бұл 4-курстың студенттері мен магистранттар.


Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    Жоғары