Тілдік нұсқа
Радио
СЕРІКБАЙ ҚАЖЫ ОРАЗ
1975 жылы  12-сәуірде дүниеге келген.  Білімі: 1990-1992 жылдары Ташкент қаласында қарилар дайындайтын медресені тамамдаған. 1992-1994 жылдары Мысырдағы Аль-Азһар университетінде оқыған.1995-1996 жылдары Исламабадтағы Әлемдік университетінде білім көтерген. Алматы мемлекеттік Абай атындағы университетінде заң факультетін сырттай бітірген. 2012-2014 жылдары М.Дулатов атындағы Қостанай инженерлік-экономикалық ...
«Әзірет Сұлтан» мешітіндегі жұма уағызы үш тілде онлайн таратылды (ФОТО+ВИДЕО)
21 қыркүйек, 2018 жыл 151 Басып шығару нұсқасы

Бүгін Астана қаласындағы республикалық «Әзірет Сұлтан» мешітіндегі жұма уағызы онлайн трансляция арқылы үш тілде бірден таратылды. Бұрынырақ хабарлағанымыздай, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы мен Al Saqr Finance Компаниясы және «Уақып» қоры бірлесе жүзеге асырған жоба аясында жұма уағызы орыс және ағылшын тілдеріне синхронды түрде бірден аударылып отырды.

Бас мешіт мінберіне көтерілген белгілі ғалым Арман Қуанышбаев ағамыздың уағызын бұл күні орыс тілді жамағат та онлайн трансляция арқасында ұғына тыңдап, қажетті ақпаратқа қол жеткізді. Айта кетейік, бүгінгі жұма уағызы «Бүліктің (фитнаның) қоғамға зардабы» тақырыбына арналған болатын.

Ескерте кетейік, ақжолтай жоба алдағы уақытта тұрақты түрде жұмыс жасайтын болмақ. Әр жұма күні сағат 13.00 мен 13.30 аралығында www.alsaqr.kz сайтына кіріп, республикалық «Әзірет Сұлтан» мешітіндегі жұма уағызын үш тілде тыңдай аласыздар!

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    Жоғары