Тілдік нұсқа
Радио
СЕРІКБАЙ ҚАЖЫ ОРАЗ
1975 жылы  12-сәуірде дүниеге келген.  Білімі: 1990-1992 жылдары Ташкент қаласында қарилар дайындайтын медресені тамамдаған. 1992-1994 жылдары Мысырдағы Аль-Азһар университетінде оқыған.1995-1996 жылдары Исламабадтағы Әлемдік университетінде білім көтерген. Алматы мемлекеттік Абай атындағы университетінде заң факультетін сырттай бітірген. 2012-2014 жылдары М.Дулатов атындағы Қостанай инженерлік-экономикалық ...
АТЫРАУ: ЖҮЗ ОТБАСЫҒА АЗЫҚ-ТҮЛІК ТАРАТЫЛДЫ
22 қыркүйек, 2018 жыл 115 Басып шығару нұсқасы

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасына қарасты корпаративтік "Зекет" қорының Атырау облысы бойынша өкілдігі және ҚМДБ-ның Атырау облысы бойынша өкілдігінің бірлескен жобасы аясында 20-қыркүйек күні әлеуметтік жағдайы төмен 100 отбасыға азық-түлік пакетін таратты.

ҚМДБ-ның өңірдегі өкілі, "Иманғали" орталық мешітінің бас имамы Мансұров Батыржан Берденұлы: "Кімде - кім мұсылман бауырының мұқтаждығын өтесе, Алла Тағала да оның мұқтаждығын өтейді" деген тамаша хадис бар. Әр мұсылман қашан да игі амалға ұмтылып жүруі тиіс. Қоғам да мұқтаж жандар бар, жүрегі жомарт кісілер де жетерлік. "Зекет" қоры осылай алтын көпір орнатып, игі істің ұйытқысы болуда", - деп атап өтті. 

Айта кетелік, "Зекет" қайырымдылық қорының мақсаты - қасиетті Құран - Кәрім мен Пайғамбарымыз Мұхаммедтің (с.ғ.с) сүннетін басшылыққа ала отырып, зекеттің жинақталуы мен таралуын қамтамасыз ету. Бүгінде "Зекет" қоры қайырымдылықпен бірге əлеуметтік, мəдени, білім беру саласындағы жобаларды жүзеге асырып келеді.

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    Жоғары