Тілдік нұсқа
Радио
СЕРІКБАЙ ҚАЖЫ ОРАЗ
1975 жылы  12-сәуірде дүниеге келген.  Білімі: 1990-1992 жылдары Ташкент қаласында қарилар дайындайтын медресені тамамдаған. 1992-1994 жылдары Мысырдағы Аль-Азһар университетінде оқыған.1995-1996 жылдары Исламабадтағы Әлемдік университетінде білім көтерген. Алматы мемлекеттік Абай атындағы университетінде заң факультетін сырттай бітірген. 2012-2014 жылдары М.Дулатов атындағы Қостанай инженерлік-экономикалық ...
«Иман» журналының жаңа саны
25 қыркүйек, 2018 жыл 135 Басып шығару нұсқасы

Басылымның қазан айындағы саны «Отанды сүю – иманнан» айдарымен ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың «Ел болашағы қазақ тілінде» деген мақаласымен ашылған. «Тарихи тағылым» айдарымен «Шариғатқа сүйенген дала заңдары», «Ащы ақиқат» айдарымен «Адасқан ағымдар бүлігі», «Даналық» айдарымен «Хикметтер», «Салт-дәстүр» айдарымен «Медресе», «Ұлылар ұлағаты» айдарымен «Ғылым туралы», «Асыл мұра» айдарымен «Яссы: сағананың салынуы», «Уағыз» айдарымен «Кәсіби білім», «Ғибрат» айдарымен «Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) Құран Кәрімді қалай оқыған?», «Сауап» айдарымен «Пайғамбарымызға (с.ғ.с.) салауат айтудың маңыздылығы», «Ойласу» айдарымен «Міндетіңді мүлтіксіз орында», «Балаларға базарлық» айдарымен «Таусылмайтын ас мұғжизасы», «Құлшылық» айдарымен «Таһажжуд – түнгі намаз», «Қысқа да нұсқа» айдарымен «Ислам ғұламаларының байламдары», «Түйіткіл» айдарымен «Құндылықтарымызды қадірлесек...», «Міне, қызық!» айдарымен «Құстар... ауа райын болжайды» деген материалдар жарық көрген.

Басылымда мұнан өзге де тартымды да тағылымы мол мынадай материалдар жарияланған. Атап айтқанда:

«Білгенге маржан» айдарымен «Жеті саны...», «Сұрақ – жауап» айдарымен «Баланы есептеп көтеруге бола ма?», «Деректер сөйлейді» айдарымен «Төле би неге Ташкентте жатыр?», «Жауһар жыр» айдарымен «Жаратқаның жебесе...», «Бата» айдарымен «Ер-азаматқа», «Халық қазынасы» айдарымен «Мақал-мәтелдер», «Парыз» айдарымен «Орамал кәсібіме кедергі емес», «Ғибратнама» айдарымен «Аралда ... Алланы таныған», «Тарихи тұлға» айдарымен «Жәңгір хан», «Тарихи тұлға» айдарымен «Қорқыт ата», «Данадан үйрен» айдарымен «Адам атаның өсиеті», «Тарихтан тағылым» айдарымен «Самани Ислам мемлекеті», «Cіз білесіз бе?» айдарымен «Сығанақ қаласы», «Әдет-ғұрып» айдарымен «Шоқанның өлімін естірту», «Ұлттық өнер» айдарымен «Құсбегілік бізге тән», «Әдет-ғұрып» айдарымен «Тойбастар», «Тәмсіл» айдарымен «Түлкі, тасбақа және кене», «Шипа Алладан» айдарымен «Қара зере» деген танымдық мақалалардың да оқырмандарды қызықтырары сөзсіз.

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының бірден-бір төл басылымы, ай сайын шығатын түрлі-түсті «Иман» журналына 2019 жылға жазылу жүріп жатқанын қалың оқырманның қаперіне саламыз. Индексі 75998. Басылым шыға бастағалы теңгенің бірнеше рет құнсызданып, не нәрсенің де әлденеше есе қымбаттай түскеніне қарамастан 17 жыл бойы жазылу бағасы бір деңгейде сақталған еді. Биылдан бастап біршама қымбаттатуға тура келді. Өз мекен-жайыңыз бойынша жергілікті «Қазпошта» бөлімшесіне немесе жергілікті мешітке барып жазылсаңыз, келесі жылдан осы басылымның әр саны қолыңызға тиетін болады.

Мешіттер арқылы бір жылға жазылу бағасы 3000 теңге. Журналдың пошталық тасымал шығынын басылым редакциясы өз міндетіне алады. Былтырдан бастап үш айға не жарты жылға жазылу қабылданбайды. Тұтас бір жылға жазылу қажет. Алматы қаласы тұрғындарының басылым редакциясына келіп жазылып, оны алуына болады. Бұл мүмкіндікті пайдаланыңыз.

Оқырмандар «Иман» журналына жазылу бағасын «Қазпошта» АҚ-ның кез келген бөлімшесінен біліп, жазыла алады.

Құрметті оқырман, өзіңізге тиімдісін қалау еркіңізде. Жора-жолдастарыңыз бен көршілеріңізге де журналды таныстырып, жазылуына, сол арқылы ата-баба дінін тереңірек біле түсуіне себепші болсаңыз, сауап аласыз.

Оқырманның есіне: Көпшілік орындарда ұжымдық діни іс-шаралар өткізушілер онда "Иман" журналының алдағы кез келген санын сыйлық ретінде таратқысы келсе, әр айдың 10-ына дейін редакцияға хабарласып, алдын ала тапсырыс беруіне болады. Есеп айырысу да, жазылу да, жарнама беру де мына төмендегі есепшот арқылы жүзеге асады: Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы.

«Иман-Сенім»  ЖШС реквизиттері

БИН 120940011498

Р\С   KZ 288560000005684077

АО    «Банк Центр Кредит»

БИК  KCJBKZKX

KBE  17 

РНН  600900658515

050016,  Алматы қаласы, Пушкин көшесі 12.

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    Жоғары