Тілдік нұсқа
Радио
СЕРІКБАЙ ҚАЖЫ ОРАЗ
1975 жылы  12-сәуірде дүниеге келген.  Білімі: 1990-1992 жылдары Ташкент қаласында қарилар дайындайтын медресені тамамдаған. 1992-1994 жылдары Мысырдағы Аль-Азһар университетінде оқыған.1995-1996 жылдары Исламабадтағы Әлемдік университетінде білім көтерген. Алматы мемлекеттік Абай атындағы университетінде заң факультетін сырттай бітірген. 2012-2014 жылдары М.Дулатов атындағы Қостанай инженерлік-экономикалық ...
"НҰР АСТАНА": «Жібек» қыз-келіншектер клубы мастер класс өткізді (ФОТО)
26 қыркүйек, 2018 жыл 156 Басып шығару нұсқасы

ҚМДБ Әйел-қыздар секторы «Нұр Астана» орталық мешітіне қарасты «Жібек» қыз-келіншектер клубы әйел жамағатына мастер класс өткізді, деп хабарлайды ummet.kz тілшісі.

«Жібек» қыз-келіншектер клубының ашылғанына биыл 2 жыл болды. Клуб мақсаты – әйел жамағатының әлеуметтік белсенділігін арттыру. Өткен 2 жыл ішінде қыз-келіншектер клубы астаналық әйел жамағатымен тығыз араласып, біршама қайырымдылық шаралар ұйымдастырды.

Сонымен бірге, клуб аясында арнайы мамандардың қатысуымен мастер класстар болып тұрады. Келушілердің сұранысына қарай шеберлік сағаты әр түрлі тақырыпта өтеді. Өткен сенбі күні болған аспаздық мастер класста қатысушылар 3 түрлі тағамның әзірленуін үйренді.

Білікті аспаз Сыздықова Жәмиля қыз-келіншектермен түрік тағамы шахзада кәуәп пен тәтті пірәндік пісірудің сырларымен бөліссе, кондитер Рысбекова Гүлдана мерекелік дастарханның сәнін келтіретін арнайы торт пісірудің қыр-сырын үйретті.

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    Жоғары