Тілдік нұсқа
Радио
СЕРІКБАЙ ҚАЖЫ ОРАЗ
1975 жылы  12-сәуірде дүниеге келген.  Білімі: 1990-1992 жылдары Ташкент қаласында қарилар дайындайтын медресені тамамдаған. 1992-1994 жылдары Мысырдағы Аль-Азһар университетінде оқыған.1995-1996 жылдары Исламабадтағы Әлемдік университетінде білім көтерген. Алматы мемлекеттік Абай атындағы университетінде заң факультетін сырттай бітірген. 2012-2014 жылдары М.Дулатов атындағы Қостанай инженерлік-экономикалық ...
СЕРІКБАЙ ҚАЖЫ ОРАЗ "АҚТӨБЕ" МЕДРЕСЕ-КОЛЛЕДЖІНІҢ ШƏКІРТТЕРІМЕН ЖҮЗДЕСТІ (ФОТО)
26 қыркүйек, 2018 жыл 97 Басып шығару нұсқасы

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Серікбай қажы Ораз Ақтөбе облысына жасаған сапары барысында Алға ауданында орналасқан "Ақтөбе" медресе-колледжінің шəкірттерімен кездесті.

"Сіздер біздің діни саладағы болашақ имам, ұстаз, азаншы, ғалым, дін қайраткерісіздер. Қазір діни ілім іздеген мұсылманға барлық мүмкіндік жасалған. Өркениет пен прогресс - білім мен даналықта. Пайғамбарымыз Мұхаммед: "Білім мен хикмет - мұсылмандардың жоғалтқан қазынасы. Қай жерден тапса, иемденіп алсын", - деген. Сол білім мен даналыққа лайықты тұлғалар - сіздерсіздер. Əрбір сəттеріңізді оқумен, оны көңілге тоқумен өткізіңіздер", - деді.

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    Жоғары